$ 447.4  477.55  4.76

Алматыда нанның бағасын бюджет қаражатымен ұстап тұрмақ

Алматыда халық жиі тұтынатын тауарлар қымбаттамайды. Әсіресе, әлеуметтік нанның бағасы тұрақталып қалады, деп хабарлайды «Алматы» телеарнасы.

Ол үшін әкімдік алғаш рет биыл мемлекеттен 29 мың тонна ұн өнімін сатып алу үшін қомақты қаражат бөліп отыр.

Қала әкімдігі негізгі азық-түлік тауарлары мен халыққа көрсетілетін әлеуметтік маңыздағы қызметтерге баға өсімі мен тарифтерді ұстауға тырысып келеді. Атап айтсақ, 2012 жылы 26 шілдеде ауылшаруашылық министрлігі мен жергілікті билік нан мен ұн өнімдері бағасын өсірмеу туралы бір мәмілеге келген болатын.

— Алып шаһарға 1 тоннасы үшін 28 мың теңге бағамында 113 100 тонна ұн өнімін бөлген еді. Соңғы жылдары нан бағасының өспеуі де, осыған тікелей байланысты, — дейді бидай өндіру мекемесінің президенті Манап Изатов.

Биыл жыл басталысымен азық-түлік бағасы қымбаттағаны рас. Бұл ретте нан бағасы ғана тұрақты. Алдағы уақытта да нанның бағасын ұстап тұру үшін қала әкімдігі ауыл шаруашылығы министрлігімен бірігіп 29 мың тонна бидай өнімін сатып алуға бел байлаған. Осы 29 мың тонна бидайды өндіру үшін Алматыда 9 арнайы мекеме жұмыстарына білек сыбана кіріспек.

Бүгінде Ақсай нан, Алматы нан, Меркур нан сынды кәсіпорындары 1 нан үшін 56 теңге алады және олар тұрғындардың 70 пайызын нанмен қаматамасыз етеді. Ол үшін қала билігі бидай өндіретін зауыттарды керек өніммен қамтамасыз етсе, сәйкесінше ұн шығаратын зауыт бағаны тұрақты бағада сатуға міндеттеледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары