$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстанда тауық еті қымбаттап, маусымдық көкөністер арзандады

Қазақстанның бірқатар қалаларында тауық еті қымбаттап, маусымдық көкөністер арзандауда, деп хабарлады Skifnews.kz.

«Қазагромаркетинг» АҚ баспасөз қызметі мәлімдегендей, еліміздің кейбір қалаларында сатылымдағы өнім көлемінің азаюы мен сатушылардың өнімнің көтерме бағасын арттыруына байланысты тауық еті қымбаттаған. Ақтауда өнім бағасы 54%-ға 535-тен 825 теңге/кг-ға дейін, Қостанайда 14%-ға 520-дан 595 теңге/кг-ға дейін, Қарағандыда 10%-ға 551-ден 608 теңге/кг-ға дейін өскен.

Тауықтың сан еті Ақтауда 36%-ға 440-тан 600 теңге/кг-ға дейін және Көкшетауда 21%-ға 480-нен 580 теңге/кг-ға дейін қымбаттаған.

«Қызанақ отандық өндірушілердің ашық топырақ жағдайында өсірген өнімі есебінен арзандауда. Қызанақтың бөлшек сауда бағасы Талдықорғанда 53%-ға 190-нан 90 теңге/кг-ға дейін, Павлодарда 31%-ға 275-тен 190 теңге/кг-ға дейін, Ақтөбеде 19%-ға 160-тан 130 теңге/кг-ға дейін, Көкшетауда 11%-ға 218-ден 195 теңге/кг-ға дейін, Шымкентте 10%-ға 100-ден 90 теңге/кг-ға дейін түскен», делінген хабарламада.

Нарықтың отандық өндірушілердің ашық топырақ жағдайында өсірген өнімі есебінен қанығуы нәтижесінде қиярдың бөлшек сауда бағасы Талдықорғанда 37%-ға 81-ден 51 теңге/кг-ға дейін, Ақтауда 17%-ға 180-нен 150 теңге/кг-ға дейін арзандаған.

Шымкентте сатылымда ашық топырақ жағдайында өсірілген өнім көлемінің азаюы есебінен қияр 13%-ға 80-нен 90 теңге/кг-ға дейін қымбаттаған.

Сатылымдағы көлемінің артуы мен көтерме сауда бағасының түсуі есебінен пияз Павлодарда 29%-ға 105-тен 75 теңге/кг-ға дейін, Оралда 14%-ға 94-тен 81 теңге/кг-ға дейін, Шымкентте 10%-ға 100-ден 90 теңге/кг-ға дейін, Қостанайда 10%-ға 105-тен 95 теңге/кг-ға дейін арзандаған.

Сонымен қатар сатылымда жергілікті өндірушілердің арзанырақ картобы үлесінің артуы нәтижесінде картоп Талдықорғанда 16%-ға 96-дан 81 теңге/кг-ға дейін, Павлодарда 13%-ға 75-тен 65 теңге/кг-ға дейін, Ақтауда 13%-ға 150-ден 130 теңге/кг-ға дейін, Ақтөбеде 12%-ға 85-тен 75 теңге/кг-ға дейін, Көкшетауда 11%-ға 95-тен 85 теңге/кг-ға дейін арзандаған.

Нарықтың отандық өндірушілердің өнімі есебінен қанығуы орамжапырақтың Талдықорғанда 10%-ға 50-ден 45 теңге/кг-ға дейін арзандауына әкелді.

Сатылымдағы өнім көлемінің азаюы есебінен Таразда орамжапырақ 14%-ға 35-тен 40 теңге/кг-ға дейін қымбаттады.

Сатылымдағы өнім көлемінің артуы мен көтерме бағаның түсуі есебінен сәбіз бен қызылша Павлодар мен Ақтауда арзандады. Павлодарда сәбіз бағасы 27%-ға 110-нан 80 теңге/кг-ға дейін, қызылша 18%-ға 110-нан 90 теңге/кг-ға дейін түсті. Ақтауда сәбіздің килограмы 12%-ға 170-тен 150 теңге/кг-ға дейін, қызылшаның келісі 17%-ға 180-нен 150 теңгеге дейін арзандады.

Нарықтың отандық өндірушілердің өнімі есебінен қанығуына байланысты болгар бұрышы Талдықорғанда 40%-ға 200-ден 121 теңге/кг-ға дейін, Қостанайда 30%-ға 300-ден 210 теңге/кг-ға дейін, Көкшетауда 15%-ға 177-ден 150 теңге/кг-ға дейін, Ақтауда 10%-ға 390-нан 350 теңге/кг-ға дейін арзандады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары