12 қыркүйек 2014 жылы Алматы қаласында «Отбасы күні» мен «Тур Алматы 2014» кәсіби веложарысын қолдау аясында кешкі велошеру өткізіледі, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Қатысушылар сағат 20.30-да Әл-Фараби даңғылы мен Тәттімбет көшелерінің қиылысында жиналып, 21.00-де шеруді бастайды. Мәре алаңы ҚР Тұңғыш президенті атындағы саябақта белгіленген.
ҚР Тұңғыш президенті атындағы саябақта велошеруге қатысушыларға арналған сыйлықтар табысталады.
Сол күні велошеру өтуіне байланысты, сағат 20.30-дан 21.00-ге дейін әл-Фараби даңғылының бойы Тәттімбет көшесінен бастап Мұстафин көшесіне дейін автокөліктер үшін ішінара жабық болады.