Әлеуметтік желілерде қазақтардың руы бойынша жүргізілген бейресми санақ нәтижелері жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Санақ нәтижелеріне қарағанда, қазақтар арасында ең көп таралған ру – Орта жүздегі арғындар болып шыққан. Олардың саны – 509 мың адамды құрап отыр. Ал, арғындардан кейін саны бойынша ең көп таралған – наймандар екен, 395 мың адам. Ал, үшінші орында – Ұлы жүздің дулаттары тұр. олардың саны – 334 мың адам.
Ал, кіші жүздің ішіндегі ең көп таралғандар – шөмекей (100 мың адам), адай (90 мың адам) және табын (80 мың адам) рулары болып отыр.
Ресми деректерге жүгінсек, бүгінде қазақтардың жалпы саны 14 млн. адамды құрайды. Оның ішінде 11,2 млн-ы Қазақстанда тұрады.