Астанада өткен қалалық еңбек форумында Елорданың дамуына елеулі үлес қосқан білім беру, денсаулық сақтау, энергетика, құрылыс т.б. салалар мамандарына құрмет көрсетілді, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Астана қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, кәсіподақтар үйінің алдында ұйымдастырылған форумның салтанатты ашылуында отбасылық еңбек әулеттері, жұмысшылар, соның ішінде Орталық Азиядағы ең биік ғимарат Абу-Даби Плазаның құрылысшысы Асылбек Сидалиев, № 62 мектеп-лицей директорының орынбасары Ирина Рыбалко, қалалық телекоммуникациялар орталығының электромонтері Андрей Сухоручкин, Транфузиология ғылыми-өндірістік орталығының лобаранты Валентина Митягина, Мемлекеттік филармонияның солисі Данияр Мұқан, «Қала маңындағы тасымал» АҚ Астана стансасының учаске басшысы Дулат Сәрсекеев, Тілеубаевтардың отбасылық еңбек әулетіне және т.б. ерекше құрмет көрсетілді.
Сондай-ақ, форум аясында концерттік бағдарлама қойылып, спорттық жарыстар өткізілді, мерекелік сауда-саттық ұйымдастырылды.