$ 494.87  520.65  4.91

Экстремизмнің алдын алудың құқықтық негіздері

Қарағанды облысы, Бұқар жырау аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйытқы болуымен ІІБ ұжымында өткен отырыста «Экстремизм мен терроризмнің алдын алу: заңбұзушылық үшін жауапкершіліктің құқықтық негіздері мен шаралары» атты отырыс өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Кездесуді Президенттің радикализм, экстремизм және терроризмнің барлық көріністеріне қарсы тұруға шақырған тапсырмасын жүзеге асырудың бір бөлімі ретінде қарастырса да болады. Президент айтқандай, Ұлы Жаратушыға деген шынайы сенімімізді агрессивті, бұзық фанатизмге алмастырып жіберуге жол бермеуіміз керек. Соқыр фанатизм біздің бейбітсүйгіш халқымыздың психологиясы мен ділі үшін мүлде жат. Ол бүкіл Қазақстан ұстанатын Ханафит мәзһабына қайшы келеді.  

Отырыстың басында қысқаша сөйлеген ішкі саясат бөлімінің басшысы Светлана Колоскова «Нұрлы білім» «Деструктивті діни ағымдардан зардап шегушілер орталығы» ҚБ-нің жетекшісі Рүстем Мәлікұлы Сыздықовқа сөз кезегін ұсынды.

Теолог исламдық бағыттағы деструктивті ағымдардан келетін қауіптер жөнінде дәріс оқып, діни экстремизмнің алдын алу шараларының құқықтық негіздеріне тоқталды. Дәріс өте қызық болғандықтан, уақыт тапшы болғандай сезілді. Бір жарым сағатқа созылған пікір алмасу барысында маман тарапынан діни экстремизмнің не екені, ондай ұйымдарға жастарыд қалай тартатыны, оған құқық қорғау органдарының қалай әрекет ететіні жөнінде түсініктемелер берді.

Маманның дәрісінен соң тыңдаушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Теолог Құраннан мысал келтіре отырып, исламда қолданылатын терминдердің не мағынасын түсіндірді. Мәселен, жиһад – ол мұсылманның өзіндік кінәрат-кемшіліктерімен күресі дегенді білдіреді. Ал, «қарулы»  жиһад – ол Отанды қорғау. Бұл отырыста осындай түсініктемелер де қажет болды. Себебі, экстремистер Құран мәтінін бұрмалап, жастардың санасын улап, оларды қақтығыстарға дейін баруға мәжбүр етіп қояды.

Р. Сыздықов бұл тұрғыда экстремизммен күрестің төрт негізгі бағытын атап көрсетті. Негізгілерінің бірі – халықтың діни сауатының жетік болуы.

– Өкінішке қарай, ислам туралы жалпылама білімнің жоқтығынан соңы қиын жағдайларға әкеп соқтырады. Соның салдарынан 18-28 жас аралығындағы жасөспірімдер Сирия, Ирак сияқты әскери қақтығыстар ортасына кетіп жатыр, – деді ол.

Радикалды діни ағымдардың таралуының алдын алу мәселесінде тіл мамандары мен имамдар және теологтар еңбегі үлкен маңызға ие. Олар уаххабшылар сектасына түскен жұртшылыққа дәстүрлі исламның ен екенін, оның бейбітшілікке құрылған дін екенін және деструктивті сектадан не айырмашылығы бар екенін түсіндіріп бере алады.

Р. Сыздықовтың айтуынша, діни экстремизммен күрес әр түрлі конфессиялар мен тұрғын,дар арасындағы этникалық, әлеуметтік топтарға қатысты барынша толеранттылықты сақтай отырып жүргізілуі керек. Өз еліміздің, өз халқымыздың мәдени мұраларын қалайда сақтап қалу керек. Бұл өте маңызды нәрсе. Өйткені, исламшылдар Қазақстан халқының дәстүрі мен мәдени құндылықтарын теріске шығарып, бұзып қиратқысы келеді.

– Біз халық арасына зайырлы мемлекеттің қағидаттарын жеткізуіміз, діндегі бар мәні құртып, жоюға бағытталған радикалды ағымдар жөнінде ескертуіміз керек, – деді маман.

З. Богданцева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары