$ 494.87  520.65  4.91

Қарағандылық медицина қызметкерлеріне діни радикализмге қарсы тұру жолдары түсіндірілді

Қарағандыда діни экстремистік ағымдармен күресудің мемлекеттік бағдарламасы аясында кезекті рет медицина қызметкерлеріне арналған отырыс өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Бүгінде радикалды діни ағымдардың алдын алу Қазақстанның мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады. Діни сауаттылықты арттыру мақсатында тұрақты түрде кездесулер өтіп тұрады. Онда өзекті деген сұрақтарға жауаптар айтылып, сонымен бірге, ел аумағындағы діни конфессиялардың негіздері мен канондары түсіндіріледі. Оған мысал ретінде соңғы жылдары Қазақстанда диструктивті көріністері бар 18 діни ұйым жұмысын тоқтатты.

– Біздің ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясындағы шараларымызға ақпараттық-насихаттық топ мүшелері келіп қатысады. Олардың қатарында дін істері басқармасы, «Конфессияаралық қатынастарды зерттеу мен сараптау орталығы» ҚМБ, діни басқарма, ҮЕҰ, ішкі істер департаментінің сарапшы мамандары, діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған ғылыми интеллигенция өкілдері бар. Сонымен бірге, кездесулерде тұрақты түрде «Ақиқатқа бастар жол», «Тұзақ», «Соқыр сенім» және т.б. тақырыптардағы терроризмге қарсы мазмұндағы деректі бейнематериалдар, – дейді «Конфессияаралық қатынастарды зерттеу мен сараптау орталығы» ҚМБ инспекторы Қарлығаш Гимадиева.

Теолог, «Әлеуметтік зерттеулер орталығы» ҒБ дінтанушысы Қаршыға Жаңабаевтың айтуынша, дәстүрлі емес діни ұйымдарды біліп қана қоймай, олардың киім киісі, сырт келбетінен-ақ тани алатындай болу керектігін айтады. Олардың жүріс-тұрысы көбіне жалпыға ортақ қағидаттармен үйлеспей жатады. Олар ғылымды, өзге дәстүрлерді мойындамайды және өзге діни сенімдегілерге қатысты өте шыдамсыз келеді. Қатарға қосылып кеткен экстремистерде заманауи мемлекеттік тұрақтылықтарға және қарапайым адами стандарттарға қатысты көзқарастары басқаша болып келеді.

– Біз сіздерді экстремистерді сырт келбеттерінен ғана танып қоймай, оларды идеологиясынан да тани білуге және онымен қарсы күресуге үндейміз. Бұл біздің қоғамымызды қалу үшін, жақындарымыз бен балаларымызды сақтандыру үшін керек. Мешіттерге барарда немесе көшеде жүргенде сақалын жіберген кісілерге назар салып көріңіз. Олар қалың топ ішінен нағыз жөні түзу адамдарды іздеп жүргендей болады. Егер оларда сізбен сөйлесуге мүмкіндік туса, онда бірден өз пәтеріне немесе үйіне уағыз тыңдауға шақырады. Осылайша радикалдар біздің жастарымызды өз қатарларына тартуда, – дейді Қ. Жаңабаев.

Теологтың айтуынша, мұндай топтардың негізгі мәселесі – екі тарап дінді екі түрлі түсінеді. Бір уағыз, бір діни кітап әр түрлі мағынада түсіндіріледі. Осыдан келіп көзқарастар қайшылығы туады. Әдетте адамды әлсін-әлсін айналдыру сәтті аяқталып жатады. Себебі, Қазақстанда радикалды ағымдармен күресудің тиімді тәсілі ұзақ уақыт бойы болмады. Қазақстандық теологтардың айтуынша, көп жағдайда азаматтардың басым көпшілігі мұндай жағдайларда не істеу керектігін білмейді.

– Өкініштісі, тіпті ата-аналардың өздері балалары әлгіндей жағдайға тап болғанда оған не қыларын білмейді. Сөйтіп, баламен ұрыс-керіске барады. Радикалды қозғалыстардың ықпалына ұзақ уақыт бойы жығылып жүргендер оңай көнбейді. Олар өздерінің сенім ұғымына сенеді және айтыс-тартыстарға түспейді. Себебі, олар өздерінің бүгінгі ахуалын түсінеді. Олар өздеріне қатысты мемлекеттің және әр түрлі органдардың қандай көзқараста екенін жақсы түсінеді. Сондықтан, олардың тек бірен-сараңының ғана түсінігін өзгертуге болады. Ол үшін алдымен оларды «өз жерінде» жеңу керек. Бұл үшін келтіретін мысалдар біліп, дәлелдер дайындап, Құранды дұрыс талдай білу керек. Бірінші кезекте, уаххабшылар Құдайға дұрыс емес сипаттар таңады. Адасқандарынан бөлек, олар Құдайға қолы, көзі, құлағы және басқалары бар дегендей адами сипаттар таңып, ол кәдімгі адам сияқты денеде тұр деп келтіреді. Мұнысын дәлелдеу үшін аяттарға сілтеме жасайды. Мәселен, «Мен өз қолыма аламын» дегендей. Алайда, шын мәнісінде бұл образды түрде айтылған сөз. Егер «оның көз алдында» деген сөздер болса, мұнда оның көзі бар дегенді емес, ол бәрін көріп тұрғандығын білдіреді. Бұлар Құдайдың қолы, көзі бар дегенді білдірмейді. Бір аят бар, онда Жаратушы Алланың өзі жаратқан нәрселердің ешқайсысына ұқсамайтыны нақты айтылған, - дейді Қ. Жаңабаев.

Теолог, сонымен бірге барлық қатысушыларға қандай сенімге болмасын, оқыс айтып қалуға болмайтынын ескерте кетті. Ондай жағдайларда сөйлесушіңіздің діни сенімі туралы толығырақ біліп алғаныңыз жөн. Сонан соң өз тарапыңыздан дөрекілікке жол бермей, ойға қонымды дәйектер келтіре сөйлегеніңіз жөн.

– Айта кетерлік жайт, біздің ата-бабаларымыз күн сайын ондаған мәрте намаз оқыған жоқ, басынан аяғына дейін оранып киінген жоқ. Бәрі басқаша болатын. Жүздері мен алақандары ашық, ал, әйелдер жағы мұнан әлдеқайда еркінірек болды, – дейді ол.

Бұған қоса, теолог елде экстремистік топтарға қатысты шаралардың күшейтілгенін атап өтті. Радикалды ағымдарды уағыздайтын немесе насихаттайтын адамдарды жиі жауапкершілікке тарта бастады. Қазіргі уақыттағы жалған діни ұйымдарды шектеуге қатысты мемлекеттік саясаттың арқасында экстремистер мемлекеттің өздеріне қарсы тұрғанын көріп отыр. Қазір дін істері басқармасының барлық қарекеті радикалдарды негізгі көздегені – қарапайым халықтан алыстатуға бағытталған. Радикалдар соңғы уақыттары өз уағыздарын қаншалық жиі жүргізе бастаса, теологтар да сол әдіске көшті. Ал, оның қаншалық өміршең боларын уақыт көрсетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары