$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте полицейді көлігімен сүйреген жүргізуші қамауға алынды (ВИДЕО)

Шымкентте жол тәртібіне бағынғысы келмеген көлік жүргізушісі полиция қызметкерін көліктің капотына салып, бірнеше метрге сүйреген. Оқиға қаладағы орталық көшелердің бірінде орын алды. Ал, бұл жайтты көріп жаңасын ұстаған куәгерлер оны бейнекамераға түсіріп, видеороликті әлеуметтік желілерде таратып жүр.

ОҚО ІІД баспасөз қызметінің айтуынша, оқиға 29 наурыз күні кешкі уақытта орын алған. 

«Шымкент ҚІІБ Жергілікті полиция қызметінің полицейі А.Байтұрсынов көшесінде белгіленбеген орында тұрған маркасы «Опель» автокөлігін байқайды. Содан тәртіп сақшысы жүргізушіден құжаттарын көрсетуін сұрағанда, билік өкілінің заңды талабына бағынғысы келмеген жүргізуші ол жерден кетпекші болған, сол кезде автокөлікті тоқтатпақ болған тәртіп сақшысын Иляев және Дулати көшелерінің қиылысына дейін сүйреп барған. Оқиға орнына жеткен Жергілікті полиция қызметінің өкілдері құқықбұзушыны сол жерде қолға түсірді. Ол 1979 жылғы Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты», - делінген ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Аталған жайт Әл-Фараби ПБ-нің Сотқа дейінгі бірыңғай тергеп-тексеру тізіліміне тіркеліп, ҚР ҚК-нің 380-бабымен «Билік өкіліне қатысты күш қолдану» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті тергеу абақтысына жабылды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары