$ 498.34  519.72  4.85

Павлодар облысында тасқын судан кітапханадағы 2500 кітап бүлінді

Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың кітап сақтайтын қорын су басып, 2500 кітап жарамсыз боп қалды. Бұл туралы informburo.kz порталы хабарлады.

"Бұл таңғы алтыдан кейін орын алды. Қазақ авторларының шығармалары мен фантастикалық жанрдағы кітаптар сақталатын бөлімге айтарлықтай зақым келген. Біз жұмысқа келе сала кітаптарды қауіпсіз жерге шығаруға кірісіп кеттік. Өкінішке қарай, 2,5 мыңдай кітап су астында қалған. Енді хаттама толтырып, беттерін тексеріп шығатын боламыз. Жарайды-ау деген кітаптарды кептіреміз", – дейді кітапхана директоры Шолпан Шахметова.

Оның айтуынша, кітапханада мұндай жайттар өте сирек орын алады екен. Енді бүлінген кітаптардың көшірмелері барлары қайта көбейтілсе, өзгелері тапсырыспен сатып алынады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары