$ 498.34  519.72  4.85

Түркістанда полицей көлігімен кішкентай қызды қағып өлтірді

Түркістандық полиция қызметкері өз көлігімен кішкентай қызды қағып кетті деп хабарлайды ОҚО прокуратурасы. Алған дене жарақаттарынан оқушы қыз сол жерде көз жұмған.

Түркістан станциясының желілік полиция бөлімінде жұмыс істейтін қатардағы қызметкер енді 5 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Ол бір үйдің екі баласын көлігімен қағып кеткен. 7 жасар қыз сол жерде көз жұмса, оның ағасы ауыр дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген.

Неге екені белгісіз, бұл жайт бір ай бойы жарияланбай келіпті. Тек іс тергеліп, сотқа өтіп жатқаннан кейін ғана ОҚО прокуратурасының прокуроры Руслан Әбдірайымов бұл туралы тілшілерге хабарлады.

Оның айтуынша, оқиға 1 наурыз күні Түркістан көшелерінің бірінде орын алған. Кішкентай қыз бен оның ағасы бағдаршамның жасыл түсін күтіп, жол бойында тұрған екен. Жүйіткіп келген көлік екеуін бірдей қағып өтіп, әзер тоқтаған. Тергеу барысында анықталғандай, полицей көлікті 120 км/сағ жылдамдықпен жүргізіпті.

Күдікті сол жерде ұсталып, қамауға алынған. Ол жұмысқа кешігіп жатқандықтан жылдамдықты арттыруға мәжбүр болғанын айтып отыр. Алайда, жол көлік оқиғасы таңертең емес, сағат 11:30-да орын алғаны белгілі. Енді ол сот алдында жауап береді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары