$ 498.34  519.72  4.85

Ақтөбедегі су тасқынын пәтерін жалға берушілер "ұтымды" пайдалануда

Қазақстанның жеті бірдей облысын тасқын судың шайып кеткені белгілі. Табиғи апаттан Ақтөбе өңірі де зардап шекті. Басындағы баспанасы мен қорасындағы малынан айрылған тұрғындарға жұрт жылу жинап, көмек қолын созуғы тырысып жатқанда, пейілі тар саудагерлер керісінше елдің қайғысынан пайда тауып қалуға тырысуда. Мәселен, бұған дейін Махамбет ауданының тұрғындары дүкендерге резіңке етіктерге дейін қымбаттап кеткенін айтып шағымданса, үйлерін жалға берушілер жал ақысын бірнеше есеге дейін шарықтатып жіберіпті. Бұл туралы Rikatv тілшілері хабарлап отыр.

Үйін су шайып кеткен зейнеткер Күлпара Пірімжарова өзге баспана жалдауға мәжбүр. Алайда, оған тозған үйдің өзін ай сайын 40 мың теңгеге ұсыныпты. Күлпара апайдың айтуынша, Махамбет ауданында бұрын-соңды мұндай бағалар болмаған.

Жергілікті тұрғын Валентина Аталиева да кіп-кішкентай бөлме үшін 40 мың теңге бергенін айтып отыр. Судың беті қайтып, өз үйін қалпына келтіргенше оның отбасы сол үйде тұруға мәжбүр.

"Диапазон" порталының хабарлауынша, еріктілер ақтөбеліктерге көмек ертінде 38 млн теңге жинапты. Бұл ақша "Қолғанат Ақтөбе" қайырымдылық қорының есебіне кеп түскен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары