$ 498.34  519.72  4.85

Шымкентте тасыған өзен үлкен көпірді қиратты (ВИДЕО)

Шымкентте толассыз жауған жаңбыр салдарынан Сайрамсу өзені тасып, оның үстінен өтетін көпір қирап қалды деп жазады Otyrar.kz. Аталған көпір Шымкент пен Сайрам ауданының арасын жалғайтын маңызды өткел болып табылады. Қазір төтенше жағдайды болдырмау үшін көпір үстімен жүк көліктерінің қозғалысына тыйым салынған.

Өзеннің ағысының қатты болғаны сонша су көпірдің астындағы темір-бетонды жабындыны бұзып өткен. Көпірдің өзі апатты жағдайда. Бетон жабындының бұзылуы салдарынан оның астындағы құм қабатын да су шайып жатыр. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары қазір апат салдарымен күресуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары