$ 447.4  477.55  4.76

Махаббатта жолы болмаған жігіт сүйіктісін жаралап, өзі атылып өлді

Ақтаудың іргесінде махаббаттан жолы болмаған жігіт сүйіктісі мен оның інісін табельді тапаншамен атып жаралап, артынша өзіне қол салды. Бұл туралы Lada.kz порталы хабарлап отыр.

Оқиға Басқұдық елдімекенінде 19 мамыр күні кешке орын алған. Дәрігерлердің айтуынша, жас жігіт тапаншамен алдымен қызды, кейін оның інісін, артынан өзін атып тастапты. Басты себеп - қыздың сезімге сезіммен жауап бермеуі. Жараланғандардың үшеуі де ауыр дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген. Алайда, қылмысты жасаған жігіт өзіне келместен көз жұмды.

Белгілі болғандай, қайтыс болған 27 жастағы ер азамат күзет фирмаларының бірінде жұмыс істеген екен. Тапанша сол компанияға тиесілі.

"1995 жылғы бозбала көптеген дене жарақаттарымен, атап айтқанда, сол қолының қоспасы, оң жақ жамбас сүйегі сынып, екі аяғының түрлі жарақаттарымен ауруханаға келіп түсті. 1990 жылғы қыз жамбасының бірнеше жерінен жарақат алған. Олардың қазіргі жағдайы орташа ауыр болып есептеледі. Әпкесі мен інісі облыстық аурухананың жарақат бөлімінде жатыр", - дейді Маңғыстау облыстық ауруханасының дәрігері Әнуар Әшір.

Қыз бен інісін атқан жігіт болса ауруханаға жете өзіне келместен көз жұмыпты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары