23.05.2017, 05:01

Астанадағы намазханаларда экстремистік әдебиеттер сақталып келген

Елорда аумағында "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу шаралары жалғасып жатыр деп хабарлайды қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Астана қалалық ІІД экстремизммен күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген рейдтік тексерулер барысында заңсыз жұмыс істеп келген 4 намазхана анықталған. Олардың бірінде экстремистік мазмұндағы материалдар сақталып келген болса, екіншісінде тәуіпшілікпен емдеу шаралары жүргізіліпті.

Қазіргі таңда бұл нысандарды кімдердің ашқаны анықталып, тергеу-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ, алдын алу шаралары барысында елорда аумағында уәкілетті органдарда заңсыз миссионерлік қызмет атқарып жүрген шетел азаматын анықталды. Баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адамды Қазақстан Республикасы аумағынан депортациялау мәселесі сот тәртібінде қаралып жатыр.