$ 498.34  519.72  4.85

"Қазпошта" қызметкері компанияның 5 млн теңгесін құмар ойынға жұмсап жіберген

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданына қарасты Үлкен Бөкен ауылының тұрғыны - "Қазпошта" қызметкері компанияның 5 миллион теңгесін букмекерлік контораға барып жұмсаған. Бұл туралы YK-news.kz порталы жазып отыр. Енді осы 5 млн теңге үшін жас маман 5 жыл шартты жазаға кесілді.

Ойынқұмар қызметкер басшысының сеніміне кіріп, компания есепшотының логин мен паролін алып алған екен. Атап айтқанда, басшы клиенттердің шотына қалай ақша аударуды білмегендіктен 22 жастағы қызметкерінің көмегіне жүгінуге мәжбүр болған. Осылайша, шоттағы ақшаларды басқаруға қолы жеткен маман ірі қаражатты алдымен өз туыстарының ұялы телефондарына, кейін букмекерлік кеңселерге аударып отырған.

Бірнеше апта ішінде ойынқұмар қызметкер 5 миллион теңгені жұмсап тастапты. Құмар ойыннан ұтқан ақшасының 2 миллион теңгесін ол компанияға қайтарып берген. Қалған ақшаның орнын ол тергеу жүріп сәтте толтырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары