Астана қаласы әкімінің жануарларды қорғау белсенділер тобымен кездесулерінің нәтижесінде жануарлардың көбеюінің алдын алу бойынша гуманистік әдістерді қолдану туралы шешім шығарылды. Бұл туралы қала әкімдігінің медиа-орталығы мәлімдеп отыр.
Қазіргі уақытта жануарларды қорғау бойынша қоғамдық ұйымдармен, бесленділермен бірге жануарларды ұстау және аулау ережесіне өзгерістер енгізілді. Қазір олқолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті мекемелер мен ведомстволардың келісіміне жіберілді.
Негізгі өзгерістер ұстап алынған жануарларды 3 күннен 60 күнге дейін ұзарту, аулау қызметі ұсталған қаңғыбас жануарларды үшінші тарапқа беруге рұқсат беру, аулау қызметінің аумағына еріктілерге еркін кіруге мүмкіндік жасау қарастырылған.
Жақын күндері аталған өзгерістерге әкім қол қояды және елордалық мәслихаттың бекітуіне жіберіледі.
Бұдан бөлек, «Астана ветсервис» ШЖҚ МКМ директоры басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды. Мекеменің штатына жануарларды аулау және ұстау бойынша орынбасары қызметі енгізілді. Ол лауазымға жануарларды қорғау бойынша еріктілер-белсенділер қатарынан ветеринария саласында тәжірибесі бар адам таңдалды. Қазіргі уақытта олар құжаттар жинастырып жатыр.
Алғаш рет жергілікті бюджеттен иттер мен мысықтар ұстауға арналған қаумалдар сатып алу үшін және жануарларды стерильдеуге қаражат бөлінді. Қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу өткізу шаралары жүргізілуде.