Тактикалық сабақтар өткізу барысында ҰҚК қызметкері қаза тапты деп жазады Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"22 маусымда ҰҚК "А" арнайы мақсаттағы қызметінің оқу-жаттығу ғимаратында жоспарлы тактикалық сабақтар өткізу барысында штаттан тыс оқиға болып, қызметтік міндеттерін атқару кезінде нұсқаушы майор оқ жарақатын алды. Ол дереу Астана қаласының №1 қалалық ауруханасына жеткізіліп, сол жерде есін жимастан қайтыс болды", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.
Осы дерек бойынша ішкі істер органдарымен бірлесе тергеу жүрізіліп жатыр.