Жақын уақытта Астанада қаңғыбас иттердің өмірі түбегейлі өзгереді: Астанада қала әкімінің ұсынысымен иесіз иттерге арналған алғашқы мемлекеттік орталық салынып жатыр.
Ал, арнайы орындағы жануарлардың жай-күйі қандай? Оларды немен қоректендіреді? Кімдер қарайды және келіп тұрады? Елорда әкімдігі медиа орталық тілшісінің фоторепортажынан оқыңыздар.
Иесіз иттерге арналған арнайы орын жүз қаумалмен жабдықталған. Алайда алдағы уақытта олардың да саны үш есе көбейеді. Бір ай ішінде екі жүз тор әкелінеді. Әр жаңадан түскен итке үш шаршы метр үйшік беріледі. Біз барған кезде торлардың көбісі бос болды.
Мұнда тек қаңғыбас иттер ғана әкелінбейді, арасында күтілген иттер де бар. Ол жоғалып кеткен үй жануарлары. Иелері көбіне өзінің сүйікті жануарларын осы жерден тауып алып жатады.
Жаңа ережеге сәйкес иттерді мұнда 60 күн ұстайды. Сол себепті арнайы қабылдау орнының жұмыскерлері соңы қуанышпен аяқталатын оқиғалар көбейетініне сенімді.
Бұл жануарлар орнының есігі қайырымды жандарға қашанда ашық. Күнделікті мұнда жануарларды күтетін еріктілерді кездестіруге болады. Олар бұл жерге тамақ алып келеді, иттерді жуындырады, тіпті олармен әңгімелеседі.
Күніне бір ит бір келіге дейін кептірілген тамақ жейді. Жануарларға берілетін тамақпен мәселе туындамайды. «Астана ветсервис» директоры міндетін атқарушысы Айдархан Арыстановтың сөзінше, адамдар мұнда кепкен тамақ, ет, нан, сүт алып келеді екен. Бірақ соңғысы сұранысқа ие емес, себебі сүт ашып кетеді, ал нанды иттер ұнатпайды. Сондықтан тамақ әкелер кезде ескерген абзал.
Біз арнайы жануарларға арналған орынға барған кезде мұнда 70 ит болды. Бірақ басшылығының сөзінше, қанша алып келетінін нақты айту қиын. Күніне 10 итке дейін түсуі мүмкін.
Жаңа ереже бойынша әр қалаған адам рәсімдеу бойынша жеңіл процедурадан өтіп, өзіне иесіз итті асырап алуға болады. Маусым айынан бастап 10-ға жуық ит жаңа иесін тапқан.