$ 498.51  522.84  4.81

АҚШ-тағы гей-парадта Қазақстанның көк туы желбіреді

Нью-Йоркте кеше дәстүрлі гей-парад өтті. Гомосексуалдардың шеруі бұл қалада осымен 35-ші рет ұйымдастырылып отыр. Бұл жолғы шеруге қазақстандық қызтекелер қатыспаса да, еліміздің көк туын ұстап шыққан америкалықтар болды.

Шеруге барлығы 300-дей ұйым мен мыңдаған адам қатысып, ол 6 сағатқа жалғасты. Гейлер мен лесбилер қолдарына түрлі жалаулар мен ұрандар ұстап, Нью-Йорктің орталық көшелерімен жүріп өтті.

"Бұл жылы америкалық гейлер қолдарына Қазақстанның туын ұстап, Қазақстанның рәміздері бейнеленген киімдерді киіп шықты. Осылайша олар Қазақстандағы гей-қоғамдастыққа қолдауларын білдіріп отыр. Бұл елде гейлерге үлкен қысым көрсетілетіні белгілі", - делінген америкалық орыстілді ЛГБТ-қауымдастық таратқан ақпаратта.

Парадта Қазақстанның туынан бөлек Өзбекстан мен Қырғызстанның да жалаулары байқалды.

Айта кетейік, түрлі ток-шоуларға қатысып жүрген қазақстанық гейлер билік пен эстрадада өз қолдаушыларының көп екенін ішінара айтып қалады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары