$ 498.51  522.84  4.81

Астанада Ассамблея аруы таңдалды

Астанада елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен бірінші қалалық «Мисс Ассамблея - 2017» сұлулық байқауы өтті. Оған этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Шара мақсаты – қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін таныту, өскелең ұрпақ бойына заманауи әдеп пен адамгершілік қасиеттерді дарыту, әртүрлі этностың бай мәдениетімен, дәстүрімен таныстыру, жас ұрпақтың шығармашылық дарынын дамыту.

Сұлулық байқауына этно-мәдени бірлестіктердің 7 өкілі қатысты.

«Мисс Ассамблея - 2017» байқауының қатысушылары алдымен өздерін таныстырды. Үміткерлер арман-мақсаттары, қызығушылықтары туралы айтып өтті. Шығармашылықтарын ортаға салып, сұхбат берді, жеке өз стильдерімен таныстырды. Бұл қатысушылар өнерлерінің бір бөлігі. Себебі әр ару өздерін кәсіби маман ретінде қазылар алқасы мен көрермендерді таңғалдырды, дейді ұйымдастырушылар.

Байқау бағдарламасында қазақстандық эстарада жұлдыздары мен елорданың шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті. Қатысушылардың міндеті ұлттық мәдениет пен шығармашылық мүмкіндіктерін көрсету. Арулар ұлттық және кешкі көйлектермен көзайым болды.

«Мисс Ассамблея - 2017» байқауының қорытындысы бойынша, Астана қаласының корейлер этно-мәдени бірлестігінің өкілі Анастасия Жмаева – Ким жеңімпаз атанды. «Вице - Мисс Ассамблея - 2017» «Радима» белорус орталығының өкілі Ирина Бондарьға бұйырды, «Көрермендер көзайымы» «Оберег» украин қоғамдастығының өкілі Екатерина Захарчукке берілді.

Байқаудың жүлде қоры – 150 мың теңге «Мисс Ассамблея - 2017» , 100 мың - «Вице - Мисс Ассамблея - 2017» және «Көрермендер көзайымы» - 50 мың теңге.

Өткен мереке этно-мәдени бірлестіктердің еліміздің мәдениетінің дамуына үлкен үлес қосып жатқанын айқындағанын, айтады ұйымдастырушылар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары