$ 499.51  525.83  4.62

Алматыдағы "Альфа Банк" бөлімшесінен қарақшылар 65 млн тенгені алып кеткен

Бұған дейін Алматыдағы банктердің біріне қарақшылық шабуыл жасалып, ірі көлемде қаражаттың тоналғаны хабарланған болатын. Алайда, қай банктен қанша ақша қолды болғаны айтылған жоқ еді. Бүгін Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметін өткізіп, қылмыстың мән-жайын баяндап берді.

ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, қарақшылар Сәтпаев 27 мекен-жайында орналасқан "Альфа Банктің" ғимаратына шабуыл жасаған. Олар өздерімен 65 миллион теңгені алып кетіпті.

Полицейлер тергеу ісінің құпия өтуіне байланысты өзге мәліметтерді жариялаған жоқ. Істі Алматы қалалық ІІД мен Бостандық аудандық прокуратурасы өз бақылауына алды.

Аталған жайтқа байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Тонау) бойнша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдіктілер ізін жасырып үлгерген. Олардың қанша адам болғаны да айтылмай отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары