$ 498.34  519.72  4.85

Жамбыл облысында дәретханада туған сәбиді туыстары асырап алды

Жамбыл облысында анасы тасжолдағы дәретханаға тастап кеткен қызды туыстары асырап алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жамбыл облысы Тұрар Рұсқұлов ауданы әкімінің жарлығымен 21 маусымда Жансая Мәжіғұлованы нағашы ағасы асырап алды", - делінген Тараз қаласы білім басқармасының хабарламасында. 

Балалар үйінінің өкілдері Жансаяны мекемеден алып кеткендігін айтады. Мұның алдында Жансаяны нағашы ағасы асырап алатыны және оның әпкесіне қамқоршы болатыны хабарланған еді. Енді балалар бір отбасында тәрбиеленетін болады. Ал, Жамбыл облысының ювенал соты олардың анасын ата-ана құқығынан айырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары