Астанада толассыз жауған жаңбыр салдарынан қала көшелерін тағы да су алып кетті. Қазіргі таңда коммуналды қызмет өкілдері жауын-шашынның салдарымен күресіп жатыр деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа-орталығы.
Ал, синоптиктер болса Астанада алдағы үш күн бойы тағы да жаңбыр жауатынын айтып отыр. Сондай-ақ, күн күркіреп, найзағай ойнайды.
19 шілде күні күн құбылмалы болады деп болжануда, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстіктен жел соғады, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с құрайды, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Түнде ауа температурасы +11+13 градусты құрамақ, күндіз ау бағамы +22+24 градус жылылықты көрсетеді.
Астанада 20 және 21 шілдеде ауа райы тура осы қарқында болады деп күтілуде.
Жауын қосымша қиындықтар туғызбау үшін қаланың коммуналды қызметі қатты жауған жаңбырдың салдырын жедел түрде жоюда.
Мәселен, «Алматы» ауданы бойынша «Астана Тазалық» ЖШС күндізгі ауысымда 37 Ас техника көлігі мен 2 мотопомпа жұмысқа тартылған. Атап айтқанда арнайы техника жеке секторларға жұмылдырылған.
«Сарыарқа» ауданының аумағында жаңбырдың суларын сорып алу үшін 16 Ас техникасы жұмылдырылған. Жұмыс екі ауысымда жүргізілуде. Оған қоса, Өндіріс тұрғын кешенінде күн сайын топырақ суларын сорып алу жұмысы жүргізіледі.
«Есіл» ауданы бойынша жаңбырдың салдарын жоюға 38 Ас техника көлігі жұмылдырылған.
Суды сорып алу және су деңгейінің көтерілуін алдын алуға бағытталған жұмыс үздіксіз атқарылуда. Қала билігі тұрғындар мен қонақтарға төтенше жағдай орын алған жағдайда «109» қызметіне хабарласуға кеңес береді.