Жол апаттарының аз көрсеткішіне жол-көлік оқиғалары(ЖҚО) бойынша кешенді бағдарлама жасаудың арқасында қол жеткіздік, деп Астана қаласы әкімдігінің медиа-орталығы хабарлайды.
Қоғамдық көліктерге «Bus line» атты арнайы жолақтардың енгізуі, бірқатар көшелерде бір жақты көлік қозғалысын ұйымдастыруы, сонымен қатар бейне бақылау камераларының санын көбейту арқылы қаламыздағы апаттық деңгейді айтарлықтай азайта алдық, деп жергілікті полиция қызметі (ЖПҚ) Астана қаласы әкімдігінің медиа-орталық тілшісіне хабарлайды.
Статистикалық шамаларға қарасақ, қаңтар-маусым айларындағы апаттық деңгей 15,1%-ға төмендеген. Осы жарты жыл ішінде, қаламызда елу шақты ЖҚО жағдайлары орнаған. Дәл осындай шама өткен жылы да болған.
«Егер өткен жылы алты ай ішінде 337 ЖҚО жағдайлары тіркелсе, осы жылы бұл шама 286-ға тең. Зақым алған адамдардың саны азайды. Осылайша, 2016 жылы Астанамыздың жолдарында 374 адам жарақат алса, осы жылы 291 адам жарақаттанды», - деп жергілікті полиция қызметі хабарлайды.