Қырғызтанның электр энергиясын Қазақстанға экспорттау бойынша жүргізілген келіссөздер нәтижесін берген жоқ деп хабарлады қырғызстандық "Электрические станции" ААҚ.
Есесіне, Өзбекстанмен ұзақ уақыт бойы жүргізілген келіссөздер ақыры өз нәтижесін беріп, өзбек ағайындар қырғыздардан 1250 млн кВт/сағ электр энергиясын сатып алуға келіскен. 1 кВт - 2 цент.
Тоқтағұл су қоймасында биыл судың тым көп жиналуына байланысты Қырғызстан электр энергиясын көптеп экспорттауға мәжбүр болып отыр. Ал, қазақстандық тараптың бас тартуы жағдайды тығырыққа тіреген.