$ 498.34  519.72  4.85

Алматыдағы жол апатында екі бірдей аяғынан айрылған Екатерина Парафиева ауруханадан шықты

Алматыда жан түршігерлік жол апаты кезінде екі бірдей аяғынан айрылған Екатерина Парафиеваны дәрігерлер ауруханадан шығарды. Бұл туралы науқастың өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Дәл қазір бақытты болып үйіме қайтып бара жатырмын! Аурухананың тыныштығынан шаршадым, кеше дәрігер үйіме қайта беруіме болатынын айтқанда қуаныштан жүрегім жарылайын деді. Емделу кезеңі артта қалды, сол үшін дәрігерлеріме, маған көмектескен аурухананың өзге қызметкерлеріме алғысым шексіз. Енді үйде күтінуім керек. Жаңа өмірге үйренуім керек. Қолдау көрсеткен баршаңызға рахмет!", - деп жазды Е.Парафиева өзінің Facebook-парақшасында.

Еске салайық, жан түршігерлік жол апаты 16 маусым күні Әл-Фараби даңғылында орын алған болатын. Екатерина мен құрбысы Honda CRV көлігімен батыс бағытқа қарай жүріп бара жатып, дөңгелектері жарылып қалған. Қыздар көліктің жүксалғышына барып, ақауды жөндемек болғанда, артта келе жатқан Toyota Camry көлігін автобус соғып, екі жеңіл көліктің арасында Екатерина Парафиева қалып қойды. Соққының ауыр болғаны сонша, қыздың екі аяғын тізеден төмен қарай дәрігерлер кесіп алып тастауға мәжбүр болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары