Алматыда медициналық университет талапкері 18 жастағы Назерке Әріп жоғалып кеткенін хабарлаған болатынбыз. Ол соңғы рет «Достық плаза» сауда үйі маңынан көрінген деп жазады Қазақпарат. Қыздың ата-анасы оны ұрлап кеткен болуы мүмкін деп отыр.
Назерке Әріп Талғар ауданы Тұздыбастау ауылында тұрады. Жоғалған күні ол ағылшын тілі бойынша курсқа қатысу үшін үйінен сағат 16:00-де шығып кеткен. Келесі күні полицейлер оның ұялы байланыс телефоны арқылы соңғы болған орнын анықтаған.
«Телефон нөмірін бақылау арқылы оның соңғы рет 10 шілде күні Гурилева-Татибекова-Рысқұлова-Айша бибі көшелері маңында болғаны анықталды. Меніңше, Назерке таксимен жететін жеріне жете алмай қалған», - деді қыздың әкесі.
Қыздың ата-анасы оның жоғалғаны туралы полицияға арызданған.
«Ата-анасының арызы бойынша іс қозғалды. Медеу ауданы ІІБ қызметкерлері іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр», - деді қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек. Назеркенің ата-анасы жұртшылықтан көмек сұрап, көрген-білгендер болса хабарласуларын өтінеді.
«Егер Назерке жайлы қандай да ақпарат білсеңіздер 87027516977, 87754820550, 87753655301 телефон нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз», - деп жазды ағайындары.