Алматы облысында жеңіл көлік пен жылқының соқтығысуы салдарынан бір адам қаза тауып, екіншісі ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Кербұлақ ауданында Алматы – Өскемен тас жолының 143-ші шақырымында орын алды. Daewoo Espero көлігінің жүргізушісі жолдан өтіп бара жатқан жылқыны қағып кеткен.
Оқиға орнында 54 жасар жолаушы көз жұмды. Ауыр жарақаттар алған көлік жүргізушісі Сарыөзек ауылының ауруханасына жатқызылды.
Полицияда ЖКО дерегін растап, оған сәйкес, қылмыстық тергеудің басталғанын хабарлады.