$ 498.51  522.84  4.81

ШҚО-да күдіктілерді азаптап сотталған 5 полицей өздерін ақтауды сұрап отыр

Шығыс Қазақстан облыстық сотының апелляциялық инстанциясында бес полиция қызметкерінің ісі қаралып жатыр деп жазады centralasian.org. Оларды Өскемен қалалық соты кісі азаптады деп танып, әрқайсысын үш жылға соттау туралы үкім шығарған болатын.

Сот үкіміне сәйкес, полицияның Үлбі бөліміндегілер жәбірленуші Ербол Қасеновтың қолын арқанмен байлап, еденге жатқызып, бес полицейдің екеуі оның аяғына отырған, тағы бір полицей басына полиэтилен пакетін кигізіп, тұншықтырған. Олар сол арқылы Қасеновке қылмысты мойындауын талап еткен. Іс материалдары бойынша, Қасенов қылмысын мойындаған, ұрлық жасағаны үшін үш жарым жылға сотталған.

Полицейлерге үкім шығарылған соң облыстық прокуратура қарсылық білдіріп, оларды ақпат шығуын сұрады. Сотталушылардың адвокаттары олардың әрекеттерін дәлелдейтін заттай айғақ жоқ деп есептейді.

Сот үкімінен соң Үлбі бөлімшесіндегі ондаған полиция қызметкері облыстық прокуратура алдында наразылық акциясын өткізді. Апелляциялық шағым 11 тамызда қаралады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары