$ 498.34  519.72  4.85

ОҚО-да жоғалып кеткен бойжеткенді жігіті алып қашқаны анықталды

Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында жоғалып кеткен 17 жастағы бойжеткен табылды. Оны өзінің жігіті алдып қашып кеткен. Некелесуге қыздың өзі де қарсы болмаған екен. Тек ата-анасы рұқсат бермеген көрінеді.

Полицейлерге арызды бойжеткеннің ата-анасы 17 тамыз күні жазған. Сол уақыттан бері іздеу шараларын жүргізген тәртіп сақшылары жоғалған қызды Шымкенттегі үйлердің бірінен тапты. Ол алып қашқан жігіттің туысының үйі екен. Сондай-ақ, қызбен сөйлесу барысында оның жігіттің үйіне өз еркімен барғаны, күшпен алып қашпағаны анықталды. Енді тергеушілер істің өзге де мән-жайын анықтауда.

Полицейлердің айтуынша, жыл басынан бері бір ғана Сайрам ауданында қыз алып қашудың 17 дерегі тіркелген. Барлық жағдайда тараптардың татуласуынан қылмыстық жауапкершілікке ешкім тартылмаған екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары