$ 498.34  519.72  4.85

Жыл басынан бері Қазақстаннан 15 мың адам көшіп кеткен

Қазақстанға көшіп келушілер мен келуге ниет білдірген қандастарымыздың саны көп екені белгілі. Сол секілді, елімізден өз тарихи отандарына көшіп кетіп жатқан азаматтардың да саны аз емес. Мәселен, жыл басынан бері Қазақстанды 15 мыңнан астам адам тастап, шетелге біржола көшіп кетіпті. Олардың бәрі өзге ұлт өкілдері емес әрине, дегенмен үлес-салмағы басым. Бұл ақпаратты статистика органдары жариялайтын ай сайынғы есептік мәліметтерден аңғаруға болады.

Биылдың қаңтар-маусым айларында Қазақстанға көшіп келген азаматтар санына қарағанда, Қазақстаннан көшіп кеткен азаматтар саны 6,4 мыңға артық болды. Жыл басталғалы түрлі себепке байланысты 15,1 мың азамат ел аумағынан сыртқа кетсе, орнына тек 8,7 мың адам көшіп келген.

Мұндай жағдай 2008-2010 жылдағы дағдарыс кезінде де байқалған. Әлемдік қаржы дағдарысынан бұрын да, дағдарыстан кейін де Қазақстанға көшіп келушілер саны көп болатын. 2014 жылдан бастап шетелге кеткен тұрғындар саны (келген азаматтар санымен салыстарғанда) қайта арта бастады. Бұл үрдіс бүгінде де жалғасып жатыр.

ҚР аумағынан көбіне орыс, неміс, украин ұлтының өкілдері кетіп отыр. Соңғы жарты жылда елден 10,8 орыс ұлтының өкілі көшіп, тек 1,7 мыңы қайта оралған. Қазақстаннан кетіп жатқан өзге ұлт өкілдерінің орнын тарихи Отанына оралған қазақтар, қарақалпақтар және өзбектер толтырып жатыр.

Жарты жыл ішінде Қазақстанның 14 облысы мен 2 ірі қаласындағы келу/кету көрсеткіші тек 4 аймақта оң нәтиже көрсетті. Елімізге көшіп келушілер ең көп қоныс аударған өңір - Алматы облысы. Бұл аймаққа биыл 2891 азамат көшіп келді. Алматы облысына қоныстанушылардың көбі - ҚХР-дан келген оралман азаматтар.

Жалпы, статистикалық деректерге көз жүгіртсек, Қазақстаннан көшіп жатқандардың басым көпшілігі тұрғылықты мекен-жай ретінде көрші Ресей Федерациясын таңдайды екен. Әсіресе, оқуға кетіп, сол елде қалып қоятын жастардың саны басым. Сонымен қатар, тарихи отанына оралып жатқан орыстар мен украиндердің, кәріс ұлтының өкілдері көп.

Жақсы өмір іздеп шетелге көшіп кетіп жатқан қазақтар да аз емес. Мұндай қандастарымыз негізінен тұрғылықты елі ретінде АҚШ-ты, Оңтүстік Кореяны, Батыс Еуропа елдерін және Түркияны таңдайтын көрінеді. Сондай-ақ, Қазақстанға көшіп келген оралмандардың да соңғы бірер жылда қайта көшіп кету фактілері аз тіркелген жоқ. Мұны осыдан біраз уақыт бұрын жазушы Дулат Исабеков Дүниежүзі қазақтарының құрылтайында Мемлекет басшысының алдында мәлімдеген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары