$ 498.55  524.28  4.75

Алматыда ТЖД мамандары жер үй тұрғындарына қыс алдында түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Алматы аумағы жыл санап ұлғайып келе жатқаны белгілі. Сәйкесінше қалада жер үйлердің де саны артып отыр. Ал, қыс маусымы келе бұл үйлердің барлығы дерлік көмір жағып үйін жылытады. Осыған орай бүгін Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары шаһардың жекеменшік үйлері орналасқан шағынаудандарды аралап, қауіпсіздік жайында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Аталған жұмыстар «оңтүстік астанада» 15 қыркүйекте басталып, 15 қазанда аяқталады. Сала мамандары жер үйлердің тұрғындарымен және ПИК өкілдерімен кездесіп, оларға от жағу қауіпсіздігі жайында түсіндіреді. Мамандардың айтуынша, қаладағы ең проблемалы аудандар: Алатау, Түркісіб және Жетісу аудандары екен. Өйткені, мұндағы үйлерге көгілдір отын тартылмағандықтан, олардың тұрғындары көмір жағуға мәжбүр.

«Бұл тұрғындар үйлерінде пеш жаққандықтан қауіпті жағдайда өмір сүріп жатыр деп есептеледі. Мәселен, 2016-2017 жылғы қысқы маусымда ыстан уланып 10 адам қайтыс болды. Олардың екеуі кішкентай балалар. Бүлдіршіндер үйлерінде жалғыз қалып, пештің аузын ашып ойнайды. Оның ішінен кейін улы газ ауаға тарап, балалар уланып қалып жатады. Осындай жағдай былтыр орын алды. Балаларды құтқара алмадық. Ата-анасы үйлерінде болмаған. Тұрғындар қыстан шыққаннан кейін пеш мұржасы мен құбырларын тазартпайды, мұны білмейтіндер де көп. Салдарынан кеолесіде от жаққанда мұржа бітеліп, улы газдың бәрі үйге тарайды. Тұрғындармен кездесу барысында біз олардың әрбіріне осыны түсіндіріп айтып жүрміз», - дейді Алматы қалалық ТЖД Өрт сөндіру бойынша бақылау және алдын алу басқармасының басшысы Марат Бекбаев.

Оның айтуынша, былтырғы қыста барлығы 61 адам ыстан уланып ауруханаға түсіпті. Олардың 31-і кішкентай балалар. Көрсеткіштің өсіп бара жатқандығынан өрт сөндірушілер қыс түсердің алдында жер үйлердің бәрін аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізуге мәжбүр.

«Біз олардың үйлеріне басып кіріп, пештеріңді жөндеңдер деп талап қоя алмаймыз. Барлығы да келісім бойынша жүреді. Ал, бірақ өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғандарға әкімшілік шара қолданып, 5 АЕК көлемінде айыппұл төлетеміз. Мұндай шараны тек төтенше жағдай орын алғаннан кейін ғана қолданамыз. Біз былтыр 141 353 үйді аралаған болатынбыз. Ал, биылдың өзінде 144 мың үйге бас сұғып, тұрғындарымен түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Бұл жұмыстарды юіз демалыс күндерінде атқарамыз. Өйткені, жұмыс күні жұрттың бәрі үйлерінде болмайды», - дейді ТЖД-нің баспасөз қызметіндегілер.

Жалпы, биыл бүкіл қазақстандықтарды қыста жылыту үшін 1227,1 тонна көмір және 122,3 мың тонна мазут қажет. 21 қыркүйектегі мәлімет бойынша, көмірдің 89 пайызы, мазуттың 52 пайызы дайын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары