Алматыны «ақылды» қалаға айналдыру концепциясы «Алматы-2020» бағдарламасында көрсетілген. Тұрғындардың өмірін жеңілдету үшін еліміздің екінші шаһары заманауи технологиялармен жабдықталып, қауіпсіздік деңгейі бірнеше есеге артады. Сондай-ақ, шаһардың экологиялық мәселесін де біржола шешу көзделген. Осыған орай, қалада «БізАлматымыз» жобасы қолға алынып отыр.
ЖобаныBritish Council (Британдық Кеңес), Алматы қаласының әкімдігі, Қазақстан-Британ техникалық университеті (ҚБТУ) және «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ іске асыруда. Жоба аясында бүгін «оңтүстік астанада» ұйымдастырушылардың алғашқы форумы өтті.
«Алматы қаласына азаматтық белсенділік мәдениетін тарату» атты «БізАлматымыз» жобасының бірінші форумы мемлекет, бизнес, шығармашылық және әлеуметтік сектор өкілдері үшін азаматтық белсенділігтің ең тиімді жолдарын талқылау мүмкіндігін беретін диалог алаңына айналды. Форум барысында қатысушылар Алматының 2020 жылға дейінгі даму бағдарламасында азаматтық белсенділігтің орны, сонымен қатар қала әкімшілігі мен азаматтар арасында тығыз байланысты орнатудың мүмкіндіктері және қаланы дамытуға қоғамды тарту бойынша бірыңғай платформа құрылу перспективалары туралы мағұлмат алды.
Сондай-ақ, форумда Ұлыбританияның үлгісі негізінде қала өміріне азаматтарды тартудың табысты кейстері ұсынылды. Кейт Демпстер, Британдық Кеңестің азаматтық коғам және басқару сұрақтары бойынша аға кеңесшісі, азаматтық тартудың өмір сапасына, қоғамдағы оң өзгерістерге , мәдениет деңгейін арттыруына қандай әсер ететіні туралы шолу жасады. Джаки Робертс, Shoreditch Trust қайырымдылық қорының атқарушы директоры, қалалардың дамуына үлес қосу үшін қала тұрғындарының қандай жауапкершілік пен рөлдерді атқару керектігі туралы баяндады.
Форум шеңберінде Алматы қаласын өміріне азаматтарды белсенді тарту бойынша жобалар мен бастамалар жәрмеңкесі өтті. Форумның соңында қатысушылар Алматы қаласын азаматтық тарту мәдениетін тарату үшін үш бағыт бойынша ұсыныстар жасады: азаматтық белсенділікті арттыру, Алматы қаласында әлеуметтік кәсіпкерлік қолдау және Алматыны ыңғайлы қала ретінде дамыту. Бірінші форумның талқылау нәтижелері «БізАлматымыз» жобасының шеңберінде өткізілетін келесі форумдар мен іс-шаралардың тақырыптарын дамытуына негіз болады.
«БізАлматымыз» жобасы 2017 жылдың сәуір айында Алматы қаласын "ақылды", жұмыс пен өмірге ыңғайлы қала ретінде дамыту мақсатымен іске асырылған. Үш жылға созылатын жоба қоғамдық ұйымдар мен жергілікті билік органдарының Алматы қаласының экономикасын дамытуға азаматтарды тартуға және әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдауға қажетті машықтары мен мүмкіндіктері болуы үшін олардың әлеуетін арттыруға ықпалдасатын болады.