Ресейлік саяхатшы-блогер Радик Айбашев Астрахань қаласында болып, ойда жоқта қазақ қызын Интернет "жұлдызына" айналдырды. McDonalds дәмханалар желісінде жұмыс істейтін Лаура есімді қыз туралы видео қазір Интернет қолданушыларының арасында кеңінен талқыланып жатыр.
Бейнероликте Райдик Айбашев қазақ қызынан Ресейдегі қазақтардың қалай өмір сүріп жатқанын, орыстар тарапынан қысым болатын-болмайтынын сұраған. Саяхаттанушы сондай-ақ, әңгіме барысында Астрахань жеріндегі жер-су аттарының қазақша аталатына таңырқайды. Соған қарағанда, ол Ресейдің қазіргі бірнеше облысы қазақтың тарихи территориясы екенін білмейтін болуы керек.
"Оның өте жаөқсы және жауапты қыз екені көрініп тұр. Оны танитын адамдар болса менің және менің оқырмандарымның атынан рахметімді жеткізуді сұраймын. Бірақ, Лаурамен қайда кездескенімді айтпаймын. Өйткені, оны алып қашқысы келетіндер көп", - деп жазды Радик Айбашев өз Youtube-каналында.
Аталған видеороликті 2 мыңнан астам адам талқылап, жарты миллионға жуық адам көріп үлгерген.