Қазақстан мен қазақстандықтардың тыныштығын күзеткен әскерилерімізді жұмысын насихаттау әрбір журналистің міндеті десек тым артық айта қоймаспыз. Өйткені, олар бүгінгідей қиын да қилы заманда барша ел тұрғындарына бейбіт өмірді сыйлап отырғандардың бірі.
Сондықтан жыл сайын Қазақстан Республикаснң Қорғаныс министрлігі журналистер мен блогерлер арасында «Әскер-медиа-2017» республикалық баспасөз фестивалін өткізіп келеді. Мақсат – Қазақстанның Қарулы күштерінде қызмет етіп, Отан қорғап жүргендердің жұмысын насихаттау. Аталған байқау биыл да республика аумағын қамтып, бірнеше күнге созылды. Ал, жеңімпаздарды анықтау және марапаттау рәсімі 9 қарашада Астанада өтті.
Марапаттау рәсіміне ҚР Қорғаныс министрлігі басшылығы, орталық телеарналардың, мерзімді басылымдардың бас директорлары мен бас редакторлары, жетекші журналистер мен танымал блогерлер, спортшылар мен қоғам қайраткерлері қатысты.
«Әскер-медиа-2017» республикалық баспасөз фестивалінің қорытындысы бойынша мынадай аталымдар бойынша үздік БАҚ өкілдері таңдалып алынды. Атап айтқанда, «Үздік телевизиялық бағдарлама», «Үздік радиобағдарлама», «Баспасөз БАҚ-тағы үздік материал», «Ақпараттық агенттіктегі үздік жұмыс», «Үздік фотожұмыс», «Әлеуметтік желілер мен блог-тұғырнамалардағы үздік жұмыс», «Үздік әскери шолушы», «Үздік жас журналист», «Үздік өңірлік БАҚ».
Байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен әскери және әскери-патриоттық тақырыпта журналистердің 300-ге жуық жұмысы ұсынылды. Шешуші кезеңге 50-ге тарта қатысушы шықты, Олардың жарияланымдары мен репортаждары жоғары кәсіби деңгей, тақырыптың өзектілігі және мазмұндау мәнерімен ерекшеленді.
«Үздік телевизиялық бағдарлама» номинациясында «Атырау» телеарнасының жүргізуші редакторы Айнагүл Қалбаев жеңімпаз атанды.
Әділқазылар алқасының пікірінше «Қазақ радиосының» тілшісі Мәдина Ишанованы үздік радиобағдарлама иегері деп таныды.
«Баспасөз БАҚ-тағы үздік материал» номинациясында Шығыс Қазақстан облысындағы «Егемен Қазақстан» газетінің жеке меншік тілшісі Азамат Қасым жүлдегер атанды.
«Ақпараттық агенттіктегі үздік жұмыс» номинациясында «Информбюро.кз» мультимедиялық ақпараттық-сараптамалық порталының тілшісі Григорий Беденконың жұмысын үздік деп тапты.
«Казахстанская правда» газетінің фототілшісі Юрий Беккер «Үздік фотожұмыс» аталымында үздік деп танылды.
«Әлеуметтік желілер мен блог-тұғырнамалардағы үздік жұмыс» номинациясында танымал блогер Александр Мирогловтың жұмысы лайықты түрде бағаланды.
«Караван» газетінің шолушысы Владимир Северный үздік әскери шолушы атанды.
Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Қарабұлақ орта мектебінің 11-сынып оқушысы Рысгүл Даутанова «Үздік жас журналист» номинациясында жеңімпаз атанды.
«Өңірлік БАҚ-тағы үздік материал» аталымында «Атырау» телеарнасының жүргізуші редакторы Нұргүл Рамазанова жүлдегер атағын иемденді.
«Әскер-Медиа-2017» тұңғыш республикалық байқауы ағымдағы жылғы шілде айында бастау алғанын айта кеткен жөн. Фестивальдің негізгі мақсаты Қарулы Күштердің ашықтылығы мен қолжетімділігін арттыру, ҚК қызметін БАҚ арқылы білікті әрі дәйекті түрде жариялау, позитивтік қоғамдық пікір қалыптасыру, әскери қызметтің беделін арттыру және насихаттау, бірлескен медиа-жобаларды жүзеге асыру болып табылады.