10.11.2017, 10:47

Қазақстанда ЭКҰ әдісімен туған балалардың саны 14 мыңнан асады

Бүгінде белсіздік пен бедеулік індеті қазақстандықтар арасында кең тарап бара жатқан аурулардың бірі болып есептеледі. Еліміздегі әрбір екінші ер адамда дәл осы белсіздіктің алғашқы белгілері бар. Олардың жартысы уақытылы емделіп, ауруын асқындырмай ұстаса, қалғандары денсаулығына салғырт қарап, салдарынан бала сүйе алмайтындай күйге жетеді.

Әйелдер де белеуліктен аз зардап шекпейді екен. Жасөспірім кезде кіндік ашып, қысқа киімге құмар болған қыздар өскенде көп жағдайда бала көтере алмай жатады. Мұның бәрі ішкі ағзалардың суықтауынан, түрлі инфекцияларды жұқтыруынан дейді дәрігерлер.

Қазіргі технологияның дамыған заманында осынау дертке шалдыққандардың проблемасын шешудің бірден-бір жолы – ЭКҰ әдісі (жасанды ұрықтандыру). Аталған әдіс ең алғаш рет Қазақстанға тоқсаныншы жылдардың ортасында енгізілген болатын. 1996 жылы жасанды ұрықтандырумен алғашқы сәби де дүниеге келді. Ал, сол жылдардан бері елімізде барлығы 14 мың нәресте туылыпты.

Бұл туралы бүгін денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева Астанада ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлнар Ихсанова және алыс және таяу шет елдерден келген жетекші репродуктолог мамандарының қатысуымен өтіп жатқан «Бедеулікті емдеудің заманауи әдістері. ҚРТ: Бүгіні мен болашағы» атты IX Халықаралық конгресінде хабарлады.

«Мемлекеттің демографиялық дамуында және көрсетілген заңнамалық актілерде репродуктивті денсаулықты сақтау маңызды аспектісі болып табылады. Ұрпақты болуда денсаулықты жақсарту қызметтерінің қол жетімділігін қамтамасыз ету бойынша отбасын жоспарлау және бедеулікті емдеуге бағытталған. Қазақстан белгілі бір санаттағы пациенттерге республикалық бюджет қаражаты есебінен бедеуліктен ЭКҰ бағдарламаларын өткізу бойынша посткеңестік кеңістіктегі алғашқы мемлекеттердің бірі болып шешім қабылдаған. Үкіметтің мұндай шешімі бұл қымбат емдеу болғандықтан бұрын төлеуге мүмкіндіктер болмаған көптеген ерлі-зайыптыларға үміт берді – деді Лязат Ақтаева.

«Ұрпақты болу денсаулығын сақтауды жақсарту үшін, ауруларды ерте анықтау, диспансерлік бақылау және оларды сауықтыруға әзірленген және енгізілген ұлттық скринингтік бағдарламалар, іс-шаралар жоспары репродуктивті денсаулықты нығайту бойынша әзірленуде, фертильді жастағы әйелдерді қарау алгоритмі енгізілген.  Бұл шаралар әмбебап интеграцияланған, әлеуметтік бағдарланған,  қолжетімді және сапалы медициналық көмектің бастапқы буынын дамытуға және тиімді шешуге бағытталған, ол репродуктивті денсаулық, оның ішінде алдын алу мен бедеулікті емдеуге мүмкіндік береді", - деді ол.

Сондай-ақ, Лязат Ақтаева сәбисіз неке проблемасына кейінгі жылдары біздің елімізде және бүкіл әлемде көңіл бөлініп жатқанын атап өтті. ДДСҰ мәліметтері бойынша, олардың жиілігі тұрақты емес және барлық елдерде төмендеу тенденциясы байқалмайды. 20 жыл бұрын Қазақстан Республикасында алғаш рет қосымша репродуктивтік технологиялар әдістері, оның ішінде экстракорпоральдық ұрықтандыру (ЭКҰ) енгізілген болатын және ЭКҰ-дың арқасында 1996 жылы Қазақстанда бірінші бала өмірге келді.

Өз сөзін қорытындылай келе, вице-министр, бүгін Қазақстанның репродуктивтік медицинасы жаңашыл дәрігерлердің және Қазақстанның репродуктивтік медицинасы қауымдастығының арқасында еуропалық стандарттардың деңгейіне жеткенін атап өтті. Елімізде халықаралық практиканың ең заманауи жетістіктері сәтті енгізілді, емдеу тиімділігі үздік әлемдік орталықтарының көрсеткіштеріне сай. 2010 жылдан бері ЭКҰ тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне енгізіліп, жылдан жылға саны артуда: 2010 жылдан 2017 жылға дейін 8 есе өсті (жылына 100 циклдан 900-ге дейін).