$ 448.15  483.46  4.86

Париждегі 65 млн еуро тұратын пәтерді қазақстандық шенеунік өз ақшасына сатып алған

Қазақстан сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қазақстанның үкімет өкілі Парижден 65 миллион еуроға пәтер сатып алғаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді деп жазады Sputniknews.kz. Ең алдымен, ол жылжымайтын мүлік мемлекеттің ақшасына сатып алынбайтынын атап өтті.

"Бұл, шын мәнісінде, әлдебір маклердің мәлімдемесіне негізделген сыбыс. Егер әңгіме Қазақстан үкіметі атынан пәтер сатып алу туралы болса, бізде ондай мақсатқа арнайы процедуралар қарастырылған, бюджетті парламентте бекітуге дейінгі шаралар жүргізіледі. Егер үкімет тарапынан ресми сатып алынған болса, барлық процедура сақталып, бұл туралы парламент те, мемлекеттік бюджетпен айналысатын органдар да хабардар болар еді", — деп атап өтті ол. 

Сонымен қатар, Әбдірахманов әңгіме жеке инвестициялар туралы болса,  ведомствода ондай ақпарат жоқ екенін айтты.  

"Бізге ондай ақпарат берілмейді, ол еркін нарық", — деді ІІМ басшысы.

Бұдан бұрын БАҚ-та Қазақстан билік өкілі Франция астанасында пәтер сатып алғаны хабарланған болатын. Пәтерде бес жатын бөлме, SPA және тағы басқа арнайы бөлмелер бар.

Сән салтанатты үй қаланың басты сауда көшелері орналасқан "Алтын үшбұрыш" ауданындағы Авеню монтеньде, Елисей алаңына жақын жерде орын тепкен. Терезеден әйгілі Plaza Athénée бес жұлдызды қонақ үйі көрініп тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары