Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының «Тікелей Эфир» бағдарламасында қонақта болған Парламент Сенатвнвң депутаты Бірғаным Әйтімова анасын кейде ренжітіп алатынын жасырған жоқ.
«Кейде "Неге түсінбейсің? Неге қайта-қайта соны сұрай бересің?" деп айтып қаламыз. Сосын артынша қайта телефон соғып, "Мамочка, мамочка, біздер сені жақсы көреміз. Сенің арқаңда біздер адам болғанбыз" деп кешірім сұраймыз», - дейді Сенат депутаты.
Сенат депутаты 94 жастағы анасының тік мінезді екенін айтады. Әкесі керісінше жуас екен.
Депутаттың анасы бұған дейін өзінің қолында тұрып келіпті. Қазір туған-туыстарына жақын жерде Орал қаласында ұлының қолында екен.