Алматы Қазақстанның тек экономикалық емес, сондай-ақ мәдени орталығы болуға да тұрарлық қала. Шаһарда түрлі мәдени шаралармен бірге қолөнершілердің көрмелері жиі ұйымдастырылып тұрады. Осындай ерекше көрмелердің бірін бүгін Алматы қолөнер палатасы ұйымдастырды. Қала тұрғындары мен қала қонақтарына арналған дәстүрлі «Қолөнер жәрмеңкесі» биыл да Алматының ең үздік шеберлерінің басын қосып отыр.
Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына сай, жәрмеңке «Ұсталар қаласы» атты бағдарлама аясында өткізілді.
Жәрмеңкенің мақсаты - Қазақстандағы бабалардан бері келе жатқан ұлттық рухани мұраны сақтап қалу. Әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер мен қолөнер шеберлігін дамыту және жастар арасында кеңінен насихаттау. Сондай-ақ, қолөнершілілер мен тұтынушылар арсында тікелей қарым-қатынас орнату.
Әдеттегідей жәрмеңкеде этностильдегі киімдер, аяқ киім және әшекейлер, киізден жасалған панно және қолдан жасалған кілемдер, қазақша кәдесыйлар көз жауын алады. Ағаштан және керамикадан жасалған ыдыс-аяқтар, қазіргі заманға сай күміс және бисерден жасалған әшекейлерде қала тұрғындарының назарынан тыс қалмады. Ерекше стильді ұнататын және батыл адамдар үшін аксессуарлар мен киімдер, қолдан жасалған керемет сөмкелер және ойыншықтар да осында. Сондай-ақ, қазақстандық агатпен көмкерілген әшекейлер мен табиғи тастардан жасалған кәдесыйлар, түрлі бас киімдер мен мойынорағыштарда табылады. Қаласаңыз, киізден жасалған тәпішкелер мен көптеген заттарды да осы жәрмеңкеден таба аласыз. Сонымен қатар, Қазақстан, Өзбекістан, Қырғызстан, және Ресейден келген қолөнершілердің қатысуымен шеберлік сағаттар өткізілді.
Айта кетейік, жәрмеңкеде қолөнершілер мен суретшілер, шебер ұсталармен жеке танысу мүмкіндігі болды. Үйіңізге кәсіби ұсталардың қолынан жасалған керемет заттар сатып алып, әріптестеріңіз бен туыстарыңызға есте қаларлықтай сыйлықтар таңдай аласыздар.
Сондай-ақ, жәрмеңкеге келген көпшіліктің сұранысымен Наталья Алешинаның көмектесуімен славян тұмар қуыршақтарын жасаудан екінші рет шеберлік сағаты өткізілді. Сонымен қатар, шебер ұста Ольга Ларионованың басшылығымен 12 жастан асқан жәрмеңке қатысушылары ілгекпен тоқудың алғашқы дағдыларын үйреніп және асқабақ түрінде кәдесыйды тоқуды үйренді.
Келушілер үшін қызмет көрсететін "Ай шебері" шатырында ұзақ жылдар бойы ағаш жонушы кәсібін нәсіп еткен, ұста Алматылық Владимир Алексенко өз бұйымдарын ұсынды. Жәрмеңке қатысушылары ұстадан көп нәрсе үйреніп, өздеріне ұнаған затқа тапсырыс берді.
Айымхан Әмірбекқызы