Ақтөбе қаласының тұрғыны мұндай хабарландыруды Instagram желісіндегі obiavlenie_aktobe парақшасына қалдырған. Онда ол мектепке баласын апару үшін намаз оқитын таксистің керек екенін жазыпты.
«Маған 3-cынып оқитын баламды сабаққа апарып, алып келетін жүргізуші керек. Жүргізуші міндетті түрде намаз оқитын кісі болуы керек», — делінген аталған хабарландыруда.
Желіде көрсетілген нөмірге хабарласқанымызда әйел адам бұл жолдасының талабы екенін айтты деп жазады Aktobenews.kz.
«Дін жолында жүрген адам керек. Жолдасым намаз оқиды. Әкесі баламды таситын жүргізушінің де сондай адам болғанын қалайды. Басқа адам керек емес», — дейді келіншек.