$ 498.34  519.72  4.85

Алматыда туристік ақпараттық орталық ашылды (ФОТО)

Бүгін Алматыда «Алматының визит орталығы» атты туристік ақпараттық орталық ресми түрде ашылды. Мегаполис әкімі Бауыржан Байбек қалаға келген әрбір шетелдік қонақтың көрікті жерлер, мәдени оқиғалар, мейманханалар туралы бір терезе принципі бойынша толық мәліметті қалай алатындығымен танысты. Бұл жайында қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Қаланың Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Ерлан Жайлаубай визит орталықтың Алматы тұрғындары мен қонақтарына мегаолистің туристік әлеуеті туралы кәсіби кеңес, жол карталары мен тау бағыттарының атластарын, туроператорлар брошюраларын, мәдени- бұқаралық шаралардың анонстарын беретіндігін айтты. Сонымен қатар экскурсияға, сувенир бұйымдарға тапсырыс алатындығы,ең бастысы туристер үшін мобильді байланыс операторының SIM-картасын бейімдеуді жүзеге асыратындығы аталып өтті. Қазіргі кезде барынша танымал локацияларда ақпараттық туристік киоскілер ашу мәселесі қарастырылуда. Басқарма басшысы өзінің сөзінде мұндай орталықты ашу Париж, Лондон, Дубай, Нью-Йорк, Барселона сынды туризм саласы дамыған қалалар тәжірибесінен алынғандығын жеткізді.

«Қазірдің өзінде www.visitalmaty.kz ресми сайты жұмыс істеуде, кейін ол жеті тілді қамтитын болады. Сайтта қаланың танымал көрнекі орындары, ұлттық мәзір дайындайтын мейрамханалары, оқиғалалар тізбегі туралы толық ақпараттар жарияланады.Визит орталықта кеңес беру, сувенир, сөйлесу, түрлі шаралар өткізудің интерактивті аймақтары қамтамасыз етілген. Техникалық тұрғыда ашылғалы бері 109 турист хабарласты», - деді орталық директоры Әсел Нұркебаева.

Ол саяхатшылар үшін төтенше жағдай туындаған кезде түрлі мәселені жедел шешетін шұғыл желі құрылғанын да атап өтті.

Жалпы, «Алматының визит орталығын» болашақта мемлекеттік- жекешелік әріптестіктің катализаторына және Алматы кластерінің туристік девелопментіне айналдыру жоспарланған. Халықаралық нарықта туристік әлеуетті көрсету жобаларын жүзеге асыру, өңірдің рейтингі мен бәсекеге қабілеттілігіне талдау жасау, туризмді дамыту мүмкіндіктерін іздестіру, осы салада түрлі зерттеудер жүргізу ТАО жұмысының басты бөлігі болады.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы үкіметке Қазақстандағы туризм саласын экономикалық дамудың басым бағыттарының біріне айналдыруды тапсырған болатын. Өзінің «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында Елбасы бұл туралы бір емес бірнеше мәрте атап өткен. Мәселен, 57-қадамда Президент Қазақстанға туристік кластерлерді дамытуда үздік тәжірибесі бар инвесторларды тартуды, 86-қадамда «Алматы - Қазақстанның еркін мәдени аймағы» деген атаумен өңірлік мәдени-туристік кластерін құруды тапсырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Фото