$ 494.87  520.65  4.91

Медеу ауданында Рухани жаңғыру аясында биыл 150 іс-шара өткен

Алматы қаласының Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Медеу ауданының әкімі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру барысында атқарылып жатқан жұмыстарға есеп берді. Баспасөз жиынында ол ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады.

Аудан әкімі Ержан Жылқыбаевтың айтуынша, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бір ғана Медеу ауданында жалпы 150-ден астам шара өтіп, оларға 25 мыңға жуық адам қатысқан. Атап айтқанда,  «көше күндері» мерекесі аясында биыл «Достық», «Төле би» көшелерінің күнін кең көлемде мерекеленіпті.

Аталған мерекенің мақсаты - айтулы тұлғалардың өмір жолын, қала және аудан тарихын жастар арасында кеңінен насихаттау, тұрғындар арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайту болып табылады.

Сондай-ақ, әкімдік «Туған жерге» тағзым жобасының шеңберінде 500 адамның қатысуымен «Мектеп бітірушілерінің ІІ форумын» өткізген. Нәтижесінде демеушілер есебінен 70 млн. теңге қаржы тартылыпты. Мектеп бітіруші түлектер форумын өткізу арқылы әр жылдарда Медеу ауданының мектептерін бітіріп, бүгінде республикамыздың жер-жерлерінде жауапты қызметте жұмыс істеп жүрген мемлекет және қоғам қайраткерлерінің басын қосып, ауданның білім беру саласын дамытудың бағыт-бағдарын айқындап алуға мүмкіндік туған.

Бұдан өзге, «Алматы жастар қаласы аясында», «Жастар кітап оқуды таңдайды» акциясы, «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы жүзеге асырылған.

Сонымен қатар, аудан әкімінің айтуынша  Медеу ауданы қала көлемінде барлық салық түсімінің 30%-ын, қаржылық операциялардың 70%-ын  және көтерме сауда айналымының 5 бөлігін қамтамасыз етеді. Салық түсімі 10 ай ішінде өткен жылмен салыстырғанда 16,7 млрд. теңгеге өсіп, 360 млрд. теңге түсіммен қамтылған.

- Биыл өнеркәсіп өнімінің көлемі 98,3 млрд. теңгені құрады.Бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда – 29,9 млрд.теңгеге өсті, жалпы өндіріс көлемінде аудан үлесі 15,1% -ды құрады. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 88,3 млрд. теңгені құрап, немесе 2016 жылға қарағанда пайыздық көрсеткіште 15%-ға өскен. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 14 жоба жүзеге асырылып, 195 жаңа жұмыс орны құрылды. Жоба сомасы 8,6 млрд. теңгені құрады. «Жібек Жолы» өңірлік бағдарламасына сәйкес 10 жоба  1,1 млрд.теңгеге  іске асырылды. Жыл басынан «Алатау» АЭА қатысушыларымен 565 жұмыс орны құрылып, өндірілген өнім - 25,2 млрд. теңге,  салықтардың және басқа да міндетті төлемдердің жалпы сомасы 2,13 млрд. теңге  құрады, - деді Медеу ауданының әкімі Ержан Жылқыбаев брифинг барысында.

Сондай-ақ, әкімнің мәлімдемесі бойынша, сауда саласында айтарлықтай көрсеткіштер сақталып, 2017 жылы он айда бөлшек сауда айналымы 288 млрд. теңгені құраған. Және де, жыл басынан 13 ескі аялдама сүріліп, 42 жаңа заманауи аялдамалар орнатылса, жыл соңына дейін тағы 76 аялдама орнату жоспарланып отыр екен.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы 1 млрд. теңгеден  астам қаражатқа ұзындығы он алты  км құрайтын жол төсемі 30 көшеде жөндеу жұмыстары жүргізілген. 12 көшеде жаяу жүргіншілер жолы жөнделіп, 3 көшеде жаңа жаяу жүргіншілер жолы салынған. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Янушкевич-Жургенев-Нүсіпбеков көшелерінде ұзындығы 1,6 км жылу жүйесінің жаңарту жұмыстары аяқталды.

Алдағы 2018 жылға Алматы қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасымен Макатаев №4, Әлімжанов №11, 11А, Төле би №11 т.с.с. жалпы ұзындығы 2170 метрге созылған 46 абонентті қамтамасыз ететін газ желісінің құрылыс жобасын жасауға қаржы бөлінді. Сондай-ақ, «Каменское плато», «Кенсай», «Сулусай», «Көлсай», «Бутаковка» шағын аудандарында газ құбырын жүргізу жұмыстарын жобалау жұмыстары жүруде.  

- Жыл басынан бері 1231 адам жұмыспен қамтамасыз етілді. Медеу ауданында бүгінде 717 жұмыссыз адам тіркелген. 2016 жылмен салыстырғанда 84 адамға төмендеген. Аудандағы № 4, 19, 53, 77 мектептерде күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды түрде жалғасуда. Жалпы бұған дейін бір жылда 4 мектепте бірдей күрделі жөндеу жұмыстары өтпеген. Қалалық бюджет есебінен жалпы сомасы 72 815 000 теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, барлық мектептердің кіреберістеріне 17 600 000 теңгеге мүмкіншілігі шектеулі азаматтарға арналған арнайы құрылғылар орнатылды, - деді аудан әкімі.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында  үстіміздегі жылдың тамыз айында №28,33 мектептер алаңында жалпы соммасы 30 млн. тг. спорт алаңдары салыныпты. Жыл басынан бері 681 орынға арналған 12 жеке балабақша және 4 шағын орталық ашылды. Жалпы соммасы 377 млн. теңге.

Жыл соңына дейін тағы жеке 4 балабақша ашу жоспарланып отыр. Алдағы 2018 жылы  №114, 116, 141 балабақша ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарда бар. Қазіргі уақытта, жоба-сметалық жұмыстары толығымен дайын.

Аудан халқының спортпен жүйелі түрде айналысуына  111 спорттық ғимарат  жұмыс істеуде. Оның ішінде 2 стадион, 1 спорт кешені, 38 спортзал, 4 жүзу бассейні, 5 аула клубы, 120 жазғы спорт алаңшалары бар. Соның ішінде, Медеу және Шымбұлақ таулы курорттары кешені,  3000 мың орынға арналған «Халық Арена» мұз айдыны ауданда орналасқан ірі спорт нысандарының қатарына жатады.

Мысалыға, 2017 жылдың басынан бері Шымбұлақ тау шаңғы кешеніне келушілердің саны 540 мың адамды құрады. 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда спорт кешеніне келушілердің үлесі 53 пайызға ұлғайған.

Биылғы жылдың 20-шы қазанынан бергі кезеңде Медеу мұз айдынына келушілердің саны – 46 мың адамды құрады. Орташа есеппен алғанда жұмыс күндері аталған спорт нысанына келушілердің саны мың адамды, ал демалыс күндері күніне үш-төрт мың адамға дейін жетіп жығылады.

- Дүниежүзілік қысқы Универсиада-2017 қарсаңында қолданысқа берілген «Халық арена» мұз айдыны қысқа уақыт ішінде қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті орнына айналды. Ағымдағы жылдың 9 айында аталған спорт нысанында 120 мың адамның қатысуымен 30-ға жуық түрлі іс-шаралар өткізілді. Бүгінгі таңда спорт нысанының базасында 1 мыңнан астам адам қатысатын 21 спорт секциясы жұмыс істейді. Мүмкіншілігі шектеулі және аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан балаларға спорт секциялары тегін,- деп мәлімдеді аудан әкімі.

Айымхан Әмірбекқызы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары