$ 498.34  519.72  4.85

Алматыда «Жастар қауіпсіз қала үшін» дөңгелек үстелі өтті

Алматыда Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы «Жарасым» жастар ұйымының ұйымдастыруымен «Жастар қауіпсіз қала үшін» атты дөңгелек үстелі өтті. Жиынға қаланың белсенді студенттері мен этномәдени орталықтардың көшбасшылары қатысты.

Басқосудың мақсаты – жастар арасында белең алатын құқық бұзушылықтар мен қауіпсіздіктердің алдын-алу жұмыстарын жүргізу. Қала жастарын тәртіп бұзушылық қылмыстардан арашалап, ағалық буынның жастар алдындағы міндетін орындау.

Дөңгелек үстелде Ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы,  Алматы қаласы «Қоғамдық келісім» ұйымының директоры жастардың сұрақтарына жауап беріп ашық ақпарат алмасты. Жастар мәселесін алға қойып, қатысушыларды тәртіпке шақыратын ақпараттарды ұсынды.

Орталық Азия университетінің студенттері белсенділік танытып, қала тұрғындары үшін жол ережелерін бұзушыларды тәртіпке шақыруды алға тартты. Студенттерді жастар арасындағы діни сауатсыздық бей-жай қалдырмайтынын да жасырмады. Олардың айтуынша дін жолында көбейген оқулықтардың санына сүрініп жығылуға болады. Осы тұрғыда ресми портал немесе сайт жұмыс жасап, дұрыс ақпарат көзін жастарға таратса. Бұл ұсыныстарға дөңгелек үстел қатысушылары оң пікірін білдіріп, алдағы уақытта қолға алынатынына сендірді.

Сондай-ақ, Ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбектің мәлімдеуінше, жастар арасында әлеуметтік желілерде жарияланатын әуесқой видеолардың әсерінен зардап шегетіндігін алға тартты. Видеоларды салмастан бұрын оның қаншалықты қауіпсіз екендігін тексеру шарт. Ақпараттың анық-қанығына жетіп, және оны жариялаушы жауапқа бірінші болып тартылатынын ескертті.

- Жастарды тәрбиеге шақыру мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырып отырмыз.  Бұл шараның маңыздылығы жастар арасында жаңа Қазақстанның патриоты қандай болу керек.  Жастардың портретін қалыптастыру көзделіп отыр. Алдағы уақытта  мектептермен де жұмыс жасау жоспарда бар. Себебі, жас буын ертең студент атанады. Сол себептен мектеп оқушыларына арнап жол көрсеткішті бекітуді қолға аламыз. Сонымен қатар, дөңгелек үстел  аясында бірқатар шешім қабылдадық. Атап айтқанда:

  • ЖОО «Жарасым» жастар ұйымын ашу;
  • Тәлім-тәрбиеге байланысты тұлғалармен кездесу өткізу;
  • Ішкі істер департаментімен бірлесіп жұмыс жүргізу;
  • Қалалық деңгейде семинар өткізу, - дейді Қазақстан Халықтар ассамблеясы жанындағы  «Жарасым» жастар ұйымының өкілі Расул Ахметов.

Айта кетейік, шара соңында 120-ға жуық белсенді жас «Рухани жаңғыру» деген жазуы бар футболкалармен Панфилоф көшесі бойымен Жібек жолы көшелерінде жаяу жүріп шықты. Қала жастары флешмоб көрсетіп, домбырамен керемет әндерін ұсынды.

Айымхан Әмірбекқызы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары