$ 444.14  477.05  4.85

Таразда «Бір Отан! Бір тағдыр! Бір Елбасы!» атты мерекелік шара өтті

Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті күні мерекесі биыл елімізде бесінші жыл қатарынан аталып өтуде. 2010 жылы желтоқсан айының 10-да арламент депутаттарының ұсынысынан кейін әр жылдың 1 желтоқсаны мерекелік мереке болып бекітілген болатын. Содан бері Тұңғыш президент күні республика аумағында мерекелік концерттер, ғылыми басқосулар, қайырымдылық шаралар форматында тойланып келеді.

Биыл да осы дәстүр жалғасып, айтулы мерекені бүкіл қазақстандықтар жоғары деңгейде атап өтпекші. Мерекелік шаралардың бастауы кеше және бүгін өңірлерде көрініс тапқан. Солардың бірі Тараз қаласында өтті.

Баласағұн мәдениет үйінде орын алған ауқымды шараны облыстық Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы ұйымдастырып отыр. Ол ҚР-ның Тұңғыш президент күніне арналған.

Елбасы күніне арналған мерекелік концертте әуезді әнмен, күнбірлеген күйлер, ұлттық  билеріміз және шетелдік  классикалық әндері айтылды. Ұлт көшбасшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясындағы  игі  іс-шара,  облыс өнерпаздарының қанатына серпіліс беріп, өнерін өңір жұртшылығына паш етту дейді ұйымдастырушылар .

«Яғни бүгінгі концерттің тақырыбының өзін де «Бір Отан! Бір тағдыр! Бір Елбасы!» деп алдық. Себебі біздің Отанымыз бір. Тағдырымыз бір. Елбасымыз бір. Осындай тәуелсіз  мемлекетімізде өмір сүріп жатқанымызға өте қуаныштымыз. Әрине, бүгінгі концерттің тақырыбы да  соны меңзеп тұр. Елбасы аман жұртымыз тыныш Ұлт көшбасшысы өсе берсін, өне берсін дейміз», - дейді Жамбыл облыстық филормониясы  директорының орынбасары Жандос Омаров.

ҚР- ның Тұңғыш Президент күніне орай, Шохан Уалиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы «Ұлы даланың Ұлы президенті» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Мұнда Елбасы жайлы жазылған 500-ден астам  кітаптар мен 50-ге жуық суреттері қойылған.  

Меркелік кешті тамашалауға келген қала тұрғындары бойларына рухани азық жинап қайтты. 

«Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мерекесі. Яғни бұл мерекеге керемет көрме ұйымдастырылыпты. Сол көрмені көрдік. Қызықты жаңадан шыққан кітаптармен таныстық. Сонымен қатар, қазақтың ұлттық әншілерінің осы Тараз қаласының әншілерінің әндерін, билерін тамашаладық. Концерт өте жоғары деңгейде өтіп жатыр», - дейді қала тұрғыны Ақтоты Смағұлова.

Мерекелік шара  барысында Елбасы туралы  деректі фильм көрсетілді. Татулықты ту еткен Елбасының өнегелі өмірі өскелең ұрпаққа қашан да үлгі болары сөзсіз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары