$ 498.34  519.72  4.85

Алматыдағы Назарбаев даңғылы мемлекет қаржысына абаттандырылады

Алматыда кеше ғана Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы деп қайта аталған үлкен көше жергілікті бюджет есебінен абаттандырылады. Биыл желтоқсан айының соңына дейін шаһардағы бірнеше қаланы абаттандыру бойынша қала әкімдігі мемлекеттік байқау жарияламақ. Олардың қатарында Назарбаев даңғылы да бар деп жазады abctv.kz.

Қала құрылысын жоспарлаумен айналысатын "Алматыгипрогор-1 жобалау институты" ЖШС өкілдерінің айтуынша, Назарбаев даңғылындағы жаяу жүргіншілер жолы кеңейтілмек. Сонымен қатар, көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, көпқабатты үйлердің бет бейнесі, ғимараттардың бірінші қабаттары күрделі жөндеуден өтеді.

"Қазақстан риелторларының бірлескен қауымдастығы" компаниясы директорлар кеңесінің өкілі Марина Грушинаның айтуынша, Назарбаев даңғылы үкіметтік көше болып есептеледі және онда жол бойына көлік қоюға тыйым салынған. Сондай-ақ, көше бойында жаңа үш тұрғын үй кешені де бой көтереді екен. Қазір оларды жобалау жұмыстары жүргізілуде. Үш ғимарат қаланың төменгі бөлігінде орналаспақ.

Еске салайық, ҚР Тұңғыш президент күні қарсаңында - 30 қараша күні Алматыдағы Фурманов көшесінің атауы Назарбаев даңғылы болып өзгертілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары