$ 448.89  477.93  4.76

Киевте белсенділер NewsOne телеарнасын қоршауға алды

Киевте NewsOne телеарнасы орналасқан ғимаратта белгісіз топ адам от жағып, орнығып жатыр деп хабарлады "Украинская правда" басылымы.

Телеарнаны депутат, "Батькивщина" партиясынан шығарылған Надежда Савченко, бұрынғы әділет министрі Елена Лукаш пен бұрынғы және қазіргі депутаттар мен министрлер қолдады.

Савченконың мәліметінше, бұл топ - "Братство" ұйымы, оның жетекшісі - ұлтшыл және антикоммунист Дмитрий Корчинский.

3 желтоқсанда камуфляж бен бетперде киген адамдар NewsOne телеарнасының ғимаратын құм толтырылған қаптармен және тікенек сымтемірмен қоршай бастаған. Олар "телеарна саясатымен келіспейтінін" мәлімдеп, оның иесі Евгений Мураевтан кешірім сұрауды талап еткен. Наразылардың сөзінше, Мураев Еуромайданды "мемлекеттік төңкеріс" деп атаған.

УНИАН агенттігі де наразылардың телеарнадан "саясатын өзгертуді" және "Украинский формат" бағдарламасында Еуромайданды "мемлекеттік төңкеріс" деп айтылған сөз үшін кешірім сұрауды талап еткенін хабарлады.

Азаттық

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары