$ 498.34  519.72  4.85

Таразда «Ел және Елбасы» атты облыстық жастар форумы өтті

1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күні. Бұл күнді мемлекеттік мереке етіп 2011 жылдық 10 желтоқсанында ҚР Парламенті Сенатының депутаттары бекіткен болатын. Сол уақыттан бері айтулы мейрам жалпыхалықтық сипатқа ие болды.

Бүгінде Президент күні мерекесі республиканың барлық аумағында аталып өтуде. Бұл күні тек мерекелік концерттер ғана емес, ғалымдардың қатысуымен ғылыми отырыстар, рухани жиындар ұйымдастырылған. Солардың бірі Тараз қаласында өтті. «Ел және Елбасы» деген атау алған облыстық жастар форумы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына арналып отыр.

Ауқымды шараны Тараз мемлекеттік педогогикалық университеті ұйымдастырды. Оған қатысқан зиялылар мен жас белсенділер Мемлекет басшысының өмірі мен тәуелсіз Қазақстанды қалыптастырудағы еңбек жолы жөнінде айтып, өз ойларын ортаға салды.

Форумға аталған білім ордасының оқытушылар құрамы мен студент жастар қатысты. Онда Елбасының елдің дамуы мен қалыптасуы жолындағы сіңірген еңбегі жөнінде баяндалды. Сонымен қатар, осы кездесуде Елбасы туралы жарық көрген жаңа кітаптардың да таныстырылымы өтті. Тұңғыш президент күніне орай өтіп отырған жастар форумында 50 жылдық тарихы бар педогогикалық университетте оқып жүрген студенттер сөз алып, мемлекет басшысының сарабдал саясатының арқасында сапалы білім алып жүргендіктерін жеткізді. Форум соңында спорт, білім мен өнер саласында жетістікке жеткен бірқатар студенттер марапат қағаздарына ие болды.

«Егемендік алған кезеңіміз, мінеки дүние жүзінде 200 ден астам мемлекет болса, сол елдердің ішінде шекарасы толық қамтылған және мығым бекіген елдердің бірі ол біздің мемлекет. Әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің қатарында тұратын сол Қазақстанды басқарып отырған әрине сарабдал саясат жүргізуші Н.Ә.Назарбаев екендігі даусыз», - деді жиын барысында Тараз мемлекеттік педогогикалық университетінің ректоры Дария Қожамжарова.

Айта кетейік, ҚР Тұңғыш Президенті күні Жамбыл облысында жаппай аталып өтуде. Дәл осындай жастар форумы бүгін Жамбыл ауданында өтіп, оған қатысқан белсенді жастар Елбасының «Рухани жаңғыру» идеясын талқылады, Президенттің өмірі мен еңбек жолы жайында баяндап, рухани құндылықтарға толы шара өткізді. Сондай-ақ, бұл күні Тараз қаласында өнер жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт өтеді деп жоспарлануда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары