$ 445.66  474.58  4.78

Оралда екі әйел мен 3 жасар баланы өлтірген жігіт бұл қылмысқа қызғаныштан барған

Оралда екі келіншек пен үш жастағы бүлдіршінді пышақтап өлтіріп, артынан денелерін өртеп жіберген атышулы іске қатысты сот процесі басталды. Айыпталушы орындығында – 24 жастағы азамат. Ол жантүршігерлік қылмысқа қызғаныштан барған деп хабарлады КТК телеарнасы.

Әділет Қамалиев әу бастан-ақ осы сұмдық қылмысты жасағанын мойындаған. Тергеу кезінде белгілі болғаны, үйленген, екі баласы бар ол 23 жастағы Баянсұлу есімді келіншекпен көңіл қосып жүріпті. Бірақ артынан марқұм одан теріс айналған. Бұған ашуланған жігіт сүйіктісі мен оның үш жастағы баласын және 23 жастағы құрбысын пышақтап өлтірген. Сөйтіп, қылмысын жасыру үшін көңілдесі жалдап тұрып жатқан үйді өртеп жіберіпті. Батыс Қазақстан облысын дүр сілкінткен қанды оқиға қыркүйектің бесінде болған еді. Өртке оранған баспанадан екі келіншек пен үш жастағы баланың өлі денесі табылды. Ертеңіне олардың өрттен емес, кісі қолынан қаза тапқаны анықталды. Ал сотталушы бұрын  ұрлық жасағаны үшін сотталған болып шықты. Енді бұл жолы ол өмір бойына түрмеге жабылуы мүмкін.

Жанболат Айманов, мемлекеттік айыптаушы:

- Бұған жаза ретінде келесі басты сот талқылауында көзделген санкция бойынша, яғни 20 жыл немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы белгіленген. Енді оны алдағы уақытта қарастыра жатамыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары