$ 499.51  525.83  4.62

«Жарасым» жастар ұйымы белсенді жұмыс істеуде

Қазақстан халқы ассамблеясының жанындағы «Жарасым» республикалық жастар ұйымы Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ қолдауымен «Жастар қауіпсіз қала үшін», «Қоғамдық сананы жаңғырудағы жастардың рөлі», «Қоғамдық келісімнің қазақстандық моделі» тақырыптарында дөңгелек үстел мен «Көшбасшылық. Команда. Байланыс. Өзін-өзі басқару» тақырыбында семинар-тренингін өткізді.

Аталмыш іс-шараға Алматы қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Назар Балғымбаев, Алматы қаласы ІІД баспазөз-хатшысы Салтанат Азирбек, Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сарапшылық тобының мүшесі Георгий Кан, ҚХА Кеңесінің мүшелері, Алматы қалалық ҚХА мүшелері, «Жарасым» РЖҰ мүшелері, ЭМБ жастарының көшбасшылары, ЖОО-дағы «Жарасым» клубтарының көшбасшылары қатысты.

- Жастар кез-келген елдің қозғайтын күші. Кез келген мемлекеттің кез-келген бастамасын жылжытуға зор әсерін тигізетіндер – жастар. Сондықтан да біз жастармен жұмыс істеуді жалғастыруымыз керек. Елдің болашағы осы жастардың қолында, - деді Алматы қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Назар Балғымбаев.

- Жастарға арналған «XXI ғасырдағы көшбасшы, қандай қасиеттерге ие болу керек» тақырыбында тренинг те жақсы өтті. Қатысушыларға XXI ғасырдың көшбасшысы қандай касиеттерге ие болуы қажет екендігі түсіндіріліп, нақты үлгілер келтірілді. Сонымен бірге, жастар, көшбасшылықты дамытуға бағытталған, интерактивті ойындарға қатысты, - деді Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі Казыбек Шайх.

Шара барысында ҚХА жанындағы «Жарасым» РЖҰ төрағасы келіп, қазақ тілінің латын әліпбиіне өтуді қолдауға бағытталған Q-Trend жобасын ұсынды. Тренингке қатысқандардың барлығы сертификаттарға ие болды.

Тренинг соныңда қазақ тілінің латын әліпбиіне өтуді қолдайтын «100 тілек» акциясы өткізілді. Акция барысында, алдын ала дайындалған баннер үстіне 100-ден астам жас азамат латын әліпбиінде қазақ тілінің тез дамуына тілектерімен бірге өз қолдарын қойды.

Іс-шаралар топтамасының аяғы қазақ тілінің латын әліпбиіне өтуді қолдауға бағытталған «Q буынының жастары» атты флешмобпен белгіленді. Флешмоб аясында Алматы қаласы көшелері бойымен 120-дан астам жас азамат, үстіне Қазақстан халқы ассамблеясының логотипі мен #Q жазуы бар жеңіл жейделер мен бас киімдерді киіп, адамдардың көңілің аударып өтті.

Ақбота Мұсабекқызы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары