$ 448.15  483.46  4.86

«Рухани жаңғыру»: Алматыда ерекше акция өтті

Алматыда «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Мектебімді мақтан тұтамын» атты оқушылар арасында акция өтті. Іс-шараны Медеу аудандық әкімдігі ұйымдастырған. Бұл туралы бүгін аудан әкімі Ержан Жылқыбаевтың қатысуымен өткен брифинг барысында айтылды. Баспасөз мәжілісінде аудан басшысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты.

- Биыл «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Медеу ауданыда бірқатар іс-шаралар легі өтті. Тұрғындар мен қала қонақтарының қатысуымен өткен басты мәдени іс-шаралардың бірі Достық пен Төле би көшелерінің күндері болды. Іс-шараның мақсаты - жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесін ояту, өздерінің туған қалалары мен аудандарының тарихын түсіндіру, - деді аудан әкімі.

Сондай-ақ, өткен жылы Медеу ауданының 80 жылдығын мерекелеу аясында облыс әкімдігінің бастамасымен «Мектебімді мақтан тұтамын» акциясы жарияланған болатын. Оның нәтижесінде Медеу ауданының мектеп түлектерінің бірінші форумы өткізілді.

Ал, биыл жылдың басында жастардың патриоттық тәрбиесіне бағытталған «Ұрпақтардың үздіксіздігі» акциясы басталып отыр. Оның аясында танымал тұлғалармен 100-ден астам жоғары деңгейдегі кездесулер өткізілді, олар өмірдегі табыстарға жетіп, ауданның жастарымен белгілі бір әлеуметтік мәртебеге жетті.

Брифинг барысында Ержан Жылқыбаев ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы бірқатар мәлімдеме жасады.

- Бүгінде қалаға барлық салық түсімдерінің, қаржылық операцияларды 70 пайызға және көтерме тауар айналымының бестен бір бөлігін яғни 30 пайызын біздің аудан қамтамасыз етеді. Ауданымызда салық түсімі өткен жылмен салыстырғанда 16,7 млрд теңгеге артты. Ауданда үздіксіз жаңа бизнес нысандарын ашу жұмыстары жүруде, өнеркәсіптік өндіріс көлемі 98 млрд теңгені құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылға қарағанда 30 миллиардқа өсті. Биыл 270-ден астам жұмыс орынлдары құрылды.  Жыл бойына 4,5 млрд теңге көлемінде инвестиция құйылып, 11 ірі нысандар ашылды. Биыл 12 млрд теңге инвестиция қолдау незігінде көлемді сегіз жоба жүзеге асырылуда. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында 416 жаңа жұмыс орындарын құрылды, - деді Медеу ауданының әкімі Ержан Жылқыбаев.

Ақбота Мұсабекқызы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары